76
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
лағанын құрметті қылғысы келген залым.
249
Ибн Аббастың риуаятына қарағанда Хазірет Али,
Расулуллаһтан аят пен хадисте жоқ мәселеге кез болғанда не
істеу керектігін сұрады. Хазірет Пайғамбар:
«Ондай мәселені
білімнің талабына қарай өмір сүретін мүміндердің арасында
ақылдасыңдар. Бір ғана адамның көзқарасы бойынша үкім
бермеңдер»
деді.
250
Дұрыс сәнадпен (бізге дейін жету тізбегі) риуаят етіл-
геніне қарағанда хазірет Али, Расулуллаһтан (с.а.у.) әмір
етілмеген яки тыйым салынбаған бір мәселеге кездескенде
не істеуіміз керек?» деп сұрағанда Расулуллаһ (с.а.у.):
«Ол
мәселе жайында ғалымдар мен ғибадатқа берік адамдармен
ақылдасыңдар. Бір ғана адамның көзқарасына қарап үкім
шығармаңдар»
деп жауап берді.
251
Хазірет Омар бір риуаятта Расулуллаһтың «Менен
кейін үмбетімнің арасынан Құранға теріс мағына беріп
өздерінше жорамал жасайтын адамдар шығатынына қатты
алаңдаймын» дегенін айтқан.
252
Ғудайыф ибн Харис әс-Сүмали (ө. 60/680 нен кейін)
Расулуллаһтың былай деп айтқанын риуаят еткен:
«Қандайда бір топтың ортаға шығарған әрбір бидғаты,
бір сүннетті жойып отырады».
253
Ибн Аббас та былай деген:
«Адамдар жыл сайын ойдан бір бидғат шығарып бір
сүннетті жойып отырады. Осылайша бидғаттар өршіп,
249. Фәсәуи, а.а.ә. ІІІ, 506-507; Табарани, а.а.ә. ХҮІІ, 34; Хәйсами, Мәжмауз-
зәуайд І, 176.
250. Табарани, әл-Әусат ІІ, 368; Хәйсами, а.а.ә. І, 178.
251. Табарани, әл-Әусат ІІ, 368; Хәйсами, а.а.ә. І, 187.
252. Табарани, а.а.ә. ІІ, 516; Хәйсами, а.а.ә. І, 187; Муттақи, Кәнзул-уммал
288878.
253. Ахмет ибн Ханбал ІҮ, 105; Табарани, әл-Кәбир ІХХ, 99; Хәйсами, а.а.ә.
І, 188; Муттақи, а.а.ә. 1098; әл-Кари, Миркатул-мәфатих І, 211. Дәл осы
мағынадағы хадис үшін қараңыз. Фәсәуи, а.а.ә. ІІІ, 488.