Previous Page  79 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 110 Next Page
Page Background

79

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

келеді. Бірақ сүннетке негіздей отырып олармен тартысатын

болсаң, қашып барып паналайтын жер іздейді. Өкінішке

орай таппайды» деген. Оның сөзіне қарай жүрген ибн Аббас,

Харижиттердің ұстанатын ешқандай нәрсе қалдырмайды.

Сайд ибн Мансур (ө. 227/842) Имран ибн Хұсайынға

байланысты мына риуаятты келтірген: Имран (р.а.) мен

бауырлары хадисті талқылап жатыр еді. Араларынан біреуі,

«Мұны қоя тұрып, Аллаһтың кітабы жайлы айтыңдар»

дегенде Имран, «Сен шынында да ақымақсың! Аллаһтың

кітабында намаздың, оразаның егжей-тегжейілі айтылғанын

таба аласың ба? Құран олардың негіздерін қояды, сүннет

болса оның егжей-тегжейін түсіндіреді» деді.

264

Мүсәйяб ибн Рафий (ө. 105/723) былай деген:

«Сахабалар Расулуллаһтың (с.а.у.) хадистерінде үкімі

берілмеген мәселеге кездескенде жиналып, ортақ бір

көзқарасқа келетін. Бұл ортақ көзқарас, мәселенің ең дұрыс

үкімі болатын».

265

Мәймун ибн Михран (ө. 117/735) былай айтып береді:

«Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) алдына дауласып келгендерге

шешім айту үшін алдымен Аллаһтың кітабына көз салатын,

ол жерде даудың үкімін тапса сонымен үкім беретін.

Егер іздеген үкімін Құраннан таппаса, бұл мәселеде

Расулуллаһтың сүннетіндегі үкімді беретін. Сүннеттен де

таппаған жағдайда «Менен осындай бір мәселе сұралды.

Бұл жайында Расулуллаһтың қандай үкім бергенін білесің

бе?» деп сахабалардан сұрайтын. Көбінесе бірнеше сахаба

жиналып, Расулуллаһтың сол мәселе жайында берген үкімді

айтатын. Хазірет Әбу Бәкір де «Біздің арамызда дінімізді

қорғайтын адамдарды бізге нәсіп еткен Аллаһ Тағалаға хамд

болсын!» дейтін».

266

264. Абдилберр, а.а.ә. ХІ, 255; Хазими, а.а.ә. 24-25 б.

265. Дарими, Муқаддимә 17.

266. Дарими, Муқаддимә 20.