Previous Page  74 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 74 / 110 Next Page
Page Background

74

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

масқара қылғысы келген адамды Аллаһ Тағала оның тірі

кезінде басын жұлып, жойып жібереді; ақыреттегі тартатын

азабы өз алдына». Мүсәддад осы хадисте айтылған

«Аллаһтың кітабы мен жер бетіндегі сұлтаны» деген сөз,

«Аллаһтың кітабы мен Елшінің сүннеті» деген мағынаны

білдіретінін айтқан.

241

Білімнің үш бұлағы

Ибн Омар білімнің үш нәрседен тұратынын айтқан:

Аллаһтың кітабы, сахих сүннет және білмейтін нәрсеңді

«білмеймін» деп айту.

242

Хұзайфа ибн әл-Яман Расулуллаһтың (с.а.у.) мына сөзін

риуаят еткен:

«Болашақта мына үшнәрсе ең бағалы дүниеңе айналатын

заман келеді:

«Адал ақша, түсінісе алатын бауыр және амал ете алатын

бір сүннет».

243

Имран ибн Хұсайн (р.а.) былай деген:

«Аллаһ Тағала Құранды түсірді; Расулуллаһ (с.а.у.) та

бірнеше сүннеттер қойды. Бізге еріңдер; әйтпесе уаллаһи

адасасыңдар!».

244

Мүжаһид мына бір жайтты айтып береді:

Ибн Омармен бірге шыққан бір сапарда ибн Омар, бір

жерге барып келді. Не үшін барып келгенін сұрағанда,

«Расулуллаһтың (с.а.у.) осылай істегенін көргенім үшін мен

де солай істедім», деді.

245

Әнәс ибн Сирин айтып берген:

241. Табарани, а.а.ә. ХІ, 204; Хәйсами, а.а.ә. 170.

242. Табарани, әл-Әусат ІІ, 7; Хатиб, әл-Фақиһ ІІ, 366; ибн Абдилбәрр, Жамиғ

311 б; Хәйсами, а.а.ә. І, 172.

243. Табарани, а.а.ә. І, 96; Әбу Нуайым, Хилятул-әулия І, 370; Хәйсами, а.а.ә.

170.

244. Ахмет ибн Ханбал ІҮ, 445; Хәйсами, а.а.ә. І, 173.

245. Хәйсами, Кәшфул-әстар І, 81; Мәжмауз-зәуайд І, 174.