80
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Әбу Дарда, Әбу Сәләманың Басра қаласына барғанда
Хасан әл-Басриге айтқан мына сөзін жеткізеді: «Өзіңнің
көзқарасың бойынша пәтуа бергеніңді естідім. Пәтуа берген
мәселеңде сүннет немесе аят болған жағдайда өзіңнің
көзқарасың бойынша үкім берме».
267
Жабир ибн Зәйдтің тауаф кезінде ибн Омармен (р.а.)
кездескенде оған: «Ей, Әбуш-Шағса! Сен Басраның
фақиһтарының (білгірлерінің) біреуісің. Сен тек қана
мағынасы ашық аяттар мен сахих сүннеттерге қарап пәтуа
бер. Егер бұлай істемесең, һәм өзіңді һәм өзгелерді құрдымға
түсіресің», деп айтқанын риуаят еткен.
268
Шурайыхтың «Сүннеттен берік ұстансаң, ешқашан
адаспайсыңдар»,
269
Хасан әл-Басридің де «Сүннетпен
жүретіндер, өткеніміздегі сияқты келешекте де аз болады.
Олар Раббыларына қауышқанға дейін сүннетпен жүріп,
одан берік ұстанады. Сондай-ақ олар шалқайып, асып-тасып
өмір сүргендерге әрі сүннетке теріс әрекет істейтін бид-
ғатшыларға мән бермейді», деп айтқанын риуаят еткен.
270
Ибн Мәсғуд (р.а.) бұл жайында, «Байсалды түрде сүн-
нетпен жүру, бидғадпен айналысудан әлдеқайда жақсы»
271
деген.
«Аллаһқа, Елшісіне әрі араларыңнан
болған басшыларға мойынсұныңдар»
272
«Аллаһқа, Елшісіне әрі өздеріңнен болған басшыларға
мойынсұныңдар»
273
267. Дарими, Муқаддимә 20.
268. Дарими, Муқаддимә 20.
269. Дарими, Муқаддимә 22.
270. Дарими, Муқаддимә 23.
271. Дарими, Муқаддимә 23.
272. Ниса сүресі, 59-аят.
273. Ниса сүресі, 59-аят.