86
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
табиғиндардың ерекшеліктері екендігін айтқан:
«Жамағаттан күдер үзбеу, сүннетпен жүру, мешіт салу,
Құран оқу және Аллаһтың жолында жиһад ету».
304
Суфян әс-Сәури, «Сүннетке берік адамдардың
жақсылығыүшін қызмет көрсетіңдер. Өйткені олар, жалғыз-
жарым қалғандарға жатады» деген.
305
ФудалиибнИядтың(ө.187/803);«АллаһТағалаөлкелерді
сүннетке берік құлдарыныңықпалыменжандандыра түседі»
деп айтқандығы риуаят етілген.
306
Әбу Бәкір ибн әл-Айяш (ө. 194/810) сүннеттің Ислам
дініндегі мәртебсінің көтеріңкі екендігін, өзге діндер
арасындағы Исламның мәртебесінен де маңызды екендігін
айтқан.
307
Ибн Аун
308
бір сөзінде, «Исламмен және сүннетпен жүріп
өлгендер, барша жақсылық атаулымен сүйіншіленеді»
деген.
309
Хасан әл-Басри
«Мұхаммед (с.а.у.) оларға: «Егер
Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Аллаһ Тағала
сендерді жақсыкөріп, күнәларыңдыжарылқайды»
310
деген
аят жайлы былай дейді: «Аллаһты жақсы көрудің белгісі,
Расулуллаһтың сүннетімен жүру».
311
Риуаят етілгеніне қарағанда ибн Аббас (р.а.):
«Қиямет
күні кей беттер ағарып, кей беттер қараяды...»
312
деген
аятты «ол күн сүннетпен амал еткендердің жүздері ағарып,
304. Лалекай, а.а.ә. І, 64.
305. Лалекай, а.а.ә. І, 64.
306. Лалекай, а.а.ә. І, 65.
307. Лалекай, а.а.ә. І, 66.
308. Аудармада негізге алынған кітаптағы нұсқада Ибн Ауф деп жазылған.
(Аудармашы).
309. Лалекай, а.а.ә. І, 67.
310. Әли-Имран сүресі, 31-аят.
311. Лалекай, а.а.ә. І, 70.
312. Әли-Имран сүресі, 106-аят.