

82
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
лақтыра берді. Мен оған «Бері қара жігітім! Мен саған
Расулуллаһтың хадисін айтып тұрсам да тас лақтыруыңды
тоқтатпай жатырсың! Уаллаһи! Бұдан былай сенің жаназаңа
да бармаймын, сенімен сөйлеспеймін де» дедім».
279
Ибн Сирин бір адамға хадис риуаят еткенда оған;
«Пәленше бұл жайлы былай деген» деп айтқанда, «Мен
саған Расулуллаһтың хадисін айтып тұрмын. Сен маған
«Пәленше былай деген» деп тұрсың! Уаллаһи! Бұдан былай
сенімен сөйлеспеймін» деген.
280
Хадиске құрметсіздіктіңжазасы
Хадиске құрметсіздік танытқан адамды жазаға тарту
жайында Дарими мына бір хадисті риуаят еткен:
Әбу Һұрайраның риуаятына қарағанда Расулуллаһ
(с.а.у.) былай деген: «Киіміне оранып, тәкәппарланып
жүрген адамды Аллаһ Тағала жерге батырды. Қияметке
дейін де жерге батыруын жалғастыра береді».
Осы кезде жаңа киім киген бір жас жігіт келді де «Ей, Әбу
Һұрайра! Жерге батырылған жігіт былай жүретін бе еді?»
деп жүріп көрсетіп, қолымен жай ғана өзін ұрды. Бірақ осы
кезде аяғы сүрініп, құлап түсті. Бір жері сынуға сәл қалды.
Мұны көрген Әбу Һұрайра
«Біз сені мазақтағандарға
қарсы жетіп артыламыз»
281
деген аятты оқыды.
282
Абдуррахман ибн Хармеле (ө. 145/762) айтады:
Қажылық яки ұмраны орындауға шыққалы жатқан
адам, қоштасу үшін ибнул-Мусәйябқа келді. Сайд ибн
әл-Мусәйяб, ол мешітке намаз оқымай кетпе, өйткені
Расулуллаһтың «Азан оқылғаннан кейін мұнафықтар ғана
279. Дарими, Муқаддимә 40.
280. Дарими, Муқаддимә 40.
281. Хижр сүресі, 95-аят.
282. Дарими, Муқаддимә 40.