81
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ата бұл аятты былай тәпсір еткен:
«...Ғалымдарға әрі фиқһшыларға да құлақ асыңдар.
Расулға мойынсұну деген, Құран мен Сүннетпен жүру деген
сөз».
274
Әбу Һұрайра (р.а.) түнді үшке бөлетін. Үштен бірінде
ұйықтап, үштен бірінде намаз оқып, үштен бірінде
Расулуллаһтың (с.а.у.) хадистерін талқылайтын-ды.
275
Ибн Аббастың былай деп айтқандығы риуаят етілген:
«Сен, «Расулуллаһ былай деді, пәленше былай деді»
деп Расулуллаһтың сөзі тұрғанда басқа біреудің сөзіне
мән бергендіктен жерге батырылып азапқа ұшыраудан еш
қорықпайсың ба?»
276
Омар ибн Абдулазиз артына жазып қалдырған өсиет
сөздерінің бірінде былай деген:
«Шешімі кітап пен сүннетте айтылған бір мәселе жайлы
ешкімнің де өзінің қалауына қарай көзқарас айтуға ақысы
жоқ. Тек қана Құран мен сүннетте кездеспейтін мәсәлелерде
көзқарас айтуға болады».
277
Ибнул-Мүсәйяб сапарда жүрген бір адамның екі рәкағат
парыз намазға қосымша рәкағат қосып оқығанын көрді. Әлгі
адам ибнул-Мусәйябқа: «Ей, Әбу Мұхаммед! Артық намаз
оқығаным үшін Аллаһ мені азаптай ма?» дегенде, ибнул-
Мусәйяб, «Иә, Аллаһ Тағала сені сүннетке теріс әрекет
істегенің үшін азаптайды» деді.
278
Хираш ибн Жүбәйір былай дейді:
«Мешітте тас лақтырып отырған бір жас жігітті көрдім
де «Ей, жігіт! Бұлай істеме; өйткені Расулуллаһтың (с.а.у.)
мұндай іске тыйым салғанын естідім» дедім. Ол сонда тас
274. Дарими, Муқаддимә 24.
275. Дарими, Муқаддимә 27.
276. Дарими, Муқаддимә 39.
277. Дарими, Муқаддимә 39.
278. Дарими, Муқаддимә 39.