68
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
табылатынын алға тартып, Бәйхақидің сөзімен айтқанда,
хадистердің маңызы мен құндылығына әрі онымен амал
етудің міндетті екендігіне назар аудартқан.
216
Шафи де «Қандайда бір хадисшіні көрген сайын Елшінің
(с.а.у.) сахабасының біреуін көргендей боламын», деген.
217
ИмамМәліктің хадиске деген құрметі
Имам Мәліктің хадиске көрсеткен құрметін Исмайл ибн
Әби Убәйс былай тілге тиек етеді:
Имам Мәлік хадис дәрісін беретін кезде алдымен дәрет
алып, сақалын тарайды. Сосын өте салмақты әрі ерекше
ынтамен хадис риуаят ететін. Осылай істеуінің себебін
«Расулуллаһтың (с.а.у.) хадисіне құрмет көрсетіп, оны
жоғары мәртебеге көтеру маған ерекше тебіреніс береді.
Дәретсіз әрі немқұрайлы түрде хадис жеткізе алмаймын»,
деп түсіндіріп беретін. Ол жол бойында тіке тұрып әрі
асығыс түрде хадис риуаят етуді ұнатпайтын. Сондай-ақ,
«Расулуллаһтан риуаят еткен хадистерді түсінуден ләззат
аламын» дейтін.
218
Бұл мәселеде Имам Мәліктен алынған басқа бір риуаят
былайша келеді:
Бір адам науқастанып төсегінде жатқан Сайд ибн әл-
Мусайябқа келіп бір хадис жайлы сұрады. Сайд төсегінен
тұрып, адамның сұраған хадисін айтып берді. Әлгі «Сені
бұлай әуреге саламын деп ойламаған едім» дегенде
Сайд «Жатып алып Расулулаһтың хадисін айтуды жөн
216. Бәйхақи, а.а.ә. 392 б.
217. Бәйхақи, а.а.ә. 391 б: Бағдади, Шәрәфу асхабил-хадис 46 б.
218. Бәйхақи, а.а.ә. 391 б; Рамәһүрмүзи, а.а.ә. 585 б; ибнус-Салаһ, Муқаддимә
121 б.