62
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Кімде-кім үкім беруге мәжбүр болса, Аллаһтың
кітабындағы үкімді берсін. Аллаһтың кітабында болмаса,
Расулуллаһтың берген үкімін қолдансын. Егер Аллаһтың
кітабында әрі Расулуллаһтың үкімдерінде де жоқ болса,
салих адамдардың берген үкімімен үкім берсін. Бұл да
болмаса ақылымен ижтихад етсін».
184
Ибн Аббас та «Аллаһтың кітабында кездеспейтін әрі
сүннет құптамайтын көзқарасты ортаға тастаған адам,
Аллаһтың құзырында не істерін білмей абдырып қалады»
деген.
185
Абдуллаһ ибн Амрдан риуаят етілгеніне қарағанда
Расулуллаһ (с.а.у.):
«Арман-тілектерін менің алып келген
негіздерге сәйкестендірмеген мүмін, ешқашан иманның
кемеліне жете алмайды»
, деген.
186
Бәйхақи мен Лаләкайдың (418/1027) риуаятына
қарағанда хазірет Омар бір сөзінде: «Құран мен сүннетті
өзінің көзқарасына қарай жорамалдаған адамнан алшақ
жүріңдер.Өйткені олар, сүннеттіңдұшпаны. Расулуллаһтың
хадистерін жаттауға шамалары келмегендіктен өзінің
көзқарастарына жүгінеді. Осылайша һәм өздері адасты һәм
өзгелерді де адастырды» деген.
187
Бұхаридің риуаятына қарағанда Әбу Уайл (ө. 100/718
шамасы) мына бір оқиғаны айтып береді:
Сәһл ибн Хунәйф Сыффын соғысынан (37/657) оралған
кезде хабар алу үшін барғанымызда бізге былай деді:
«Дін мәселесінде өз көзқарастарыңызға сенім артпаңдар.
184. Нәсай, Адабул-қудат 11; Дарими, Муқаддимә 20; ибн Шәйбә, әл-
Мусаннәф ҮІІ, 241; Бәйхақи, Сүнән Х, 115; ибн Хазм, әл-Иһкам ҮІ, 28;
Хатиб, әл-Фақиһ І, 493; ибн Абдилбәрр, Жамиғ 360-361 б.
185. Дарими, Муқаддимә 20; ибн Хазым, а.а.ә. ҮІ, 46; Бәйхақи, әл-Мәдхал 180
б, әл-Фақиһ І, 458.
186. Бәйхақи, а.а.ә. 188-189 б.
187. Бәйхақи, а.а.ә. 191 ; ибн Хазым, а.а.ә. ҮІ, 42; Хатиб, а.а.ә. І, 454; ибн
Абдилбәрр, а.а.ә. 476 б.