58
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сақиф қауымынан бір адам, хазірет Омарға келіп,
тауаф еткеннен кейін етеккірі келген әйелдің қоштасу
тауафын орындамай еліне қайтып-қайтпайтындығы жайын
сұрайды. Хазірет Омар қайтуына болмайды дегенде әлгі
адам, «Расулуллаһ мұндай адамға сенің айтқаныңның
керісіншесіне пәтуа берген» деді. Хазірет Омар дереу
орнынан атып тұрып, әлгіні қамшымен сабады. Сосын
«Расулуллаһтың пәтуа берген бір мәселесінде, не үшін
менен қайтадан пәтуа сұрап тұрсың?» - деп кінәлады.
167
Ибн Һүзәймә (ө. 311/923) Расулуллаһтан (с.а.у.) келген
сахих хабарларға ешкімнің қарсы сөз айтуға ақасы жоқ еке-
нін айтқан.
168
Ал Яхя ибн Адам да «Елшінің сөзі тұрғанда
басқа адамның сөзінің қажеті жоқ. «Елшінің сүннеті»,
«хазірет Әбу Бәкірдің сүннеті», «хазірет Омардың сүннеті»
деген сөздер, Расулуллаһ дүниеден өткеннен кейінгі
қолданыста жүрген сүннеттерді білдіру үшін қолданған»
деген.
169
Мүжаһид те (ө. 10/719) былай деген:
«Елшіден (с.а.у.) басқа адамдардан алынатын әрі
алынбайтын сөздер бар; бірақ оның әрбір сөзі алынады».
170
Ибнул-Мүбарак
(ө.
181/797)
Әбу
Ханифаның
«Расулуллаһтан келген нәрселерге төбемде орын бар.
Сахабалардан келгендердің ұнатқанымызды аламыз.
Табиғундардан келгендер болса, бізді қызықтырмайды; біз
де олар сияқты көзқарасымызды айтамыз» деп айтқанын
риуаят еткен.
171
Имам Мүслимнің Әбу Мәсғуд әл-Ансариден риуаят
еткеніне қарағанда, Расулуллаһ (с.а.у.) былай деген:
«АраларыңнанҚұрандыеңжақсыоқитынадамжамағатқа
167. Бәйхақи, әл-Мәдхал, 105 б; Хатиб, әл-Фақиһ І, 507.
168. Хаким, Марифә 84 б; Бәйхақи, а.а.ә. 106 б; Хатиб, а.а.ә. І, 536.
169. Хаким, Марифә 84-85 б; Бәйхақи, а.а.ә. 106 б; Хатиб, а.а.ә. І, 537.
170. Бәйхақи, а.а.ә. 107 б. Хатиб, а.а.ә. І, 441; ибн Абдилбәрр, Жамиғ 409 б.
171. Бәйхақи, а.а.ә. 111 б.