55
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бәйхақи, Дарими мен Хаким, Убайдуллаһ ибн Әби
Язидтен мына риуаятты жеткізеді:
«Ибн Аббастан бір нәрсе сұралғанда, жауабы Құранда
болса ондағы үкімді, Құранда болмаса хадистегі үкімді
айтатын. Құран мен Сүннетте үкімін таппаған мәселені,
хазірет Әбу Бәкір мен Омардың берген үкімдеріне қарай
шешімін беретін, олардың ешқайсысында болмаса ижтихад
ететін».
155
Мәлік Рабияның былай дегенін риуаят еткен:
«АллаһТағалаҚұрандытүсірді. Сосынолжерде елшісінің
сүннетіне, Расулуллаһ та сүннетінде, райға/ижтихадқа
мүмкіндік берді».
156
Мәсруктың риуаятына қарағанда хазіретОмар, «Адамдар
сауатсыз болғандықтан сүннеттен бет бұрғызылады» деген
екен.
157
Яғла ибн Умәя
158
Омар ибн әл-Хаттабқа, «Құранда:
«Қа-
шан жер жүзінде сапарда болсаңдар, кәпірлердің өздеріңе
бір қастандық істеуінен қорықсаңдар, сендерге намаздан
қысқартуларыңда күнә жоқ. Негізінен сендерге кәпірлер
ашық қаскүнем»
159
делінген. Ал қазіргі күні адамдарда
мұндай қорқыныш жоқ. Олай болса намазды қысқартудың
қажеті бар ма? - деп сұрағанда хазірет Омар, «Бұл мәселе,
сен сияқты мені де ойландырғанда Расулуллаһтан сұраған
едім. Ол, «Намазды қысқарту Аллаһтың сендерге берген
тартуы. Оның сыйын қабылдаңдар» деп жауап берген еді»,
деді.
160
155. Дарими, Муқаддимә 20; Бәйхақи, а.а.ә. Х, 115; әл-Мәдхал 730 б; Хаким,
а.а.ә. І, 127.
156. Қайдан алынғаны табылмады.
157. Қайдан алынғаны табылмады.
158. Негізінде «Али ибн Умәя» деп жазылған. Дұрысы Яла ибн Умәя. (Аудар-
машы)
159. Ниса сүресі, 101-аят.
160. Мүслим,Мүсафирун4;ӘбуДәуіт, Сефер1, 263; Тирмизи, Тәпсир5;Нәсай,