53
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Шафидің көзқарасы бойынша
ижманың дәлел болуы
Мүзәни (немесе Раби)Шафи мен бір қарияның арасында
болған мына тартысты жеткізген:
Бір күні Шафимен бірге жүргенімде жүннен жасалған
шапан, сәлде киген бір қария, қолына аса таяқ алып шыға
келді. Шафи дереу орнынан тұрып, киімін ретке келтіріп
қайта орнына отырды. Қария да сәлем беріп отырды. Шафи
сыпайы түрде қарияға қарап ілтипат білдірді. Сосын екеуінің
арасында былайша әңгіме өрбіді:
Шафи;
– Не айтарыңыз бар?
– Діндегі негізгі дәлелді айт?
– Аллаһтың кітабы.
– Сосын?..
– Расулуллаһтың сүннеті.
– Сосын?..
– Үмбеттің ижмасы.
– Үмбеттің ижмасының дәлел болатынын қандай аяттан
алдың?
Шафи осы сұрақтан кейін бір сәт кідіріп, ойланып тұрып
қалғанда әлгі қария;
– Саған үш күн рұқсат. Ижма жайлы Құраннан дәлел
келтіре алсаң құба-құп, ал таба алмасаң тәубе етуіңе тура
келеді.
Бұл сөзді естігенде түрі бұзылған Шафи, үйіне кіріп, үш
күн, үш түн бойы ешқайда шықпады. Үшінші күні беті-қолы
мен аяқтары ісіп сырқаттанған кейіпте жанымызға келді.
Көп уақыт өтпей әлгі қария келді де сәлем беріп:
– Сұраған сұрағымның жауабын таба алдың ба? - деп
сұрады. Шафи:
– Иә, таптым, - деді.
Шафи «ағузу бисмиллә»ні айтып
«Ал біреу, өзіне тура