56
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазірет Пайғамбар аяттағы «намазды қысқарту»
деген сөздің һәм қорқыныш һәм сенімді жерде Аллаһтың
адамдарға берген рұқсат екенін айтқанға дейін сахабалар
аятты «қорқатын ешнәрсе болмағанда намазды қысқартуға
болмайды» деп түсінген болатын.
Умәя ибн Абдуллаһ, Абдуллаһ ибн Омарға «Құранда
тұрғылықты жер мен қорқынышты жағдайда намаздың
қалай оқылатынын білдірсе де, сапарда қалай оқылатыны
жайлы ешқандай мәлімет жоқ қой; бұл қалай болады?» деп
сұрағанда ибн Омар, «Жиенім, біз ештеңе білмейтін кезде
Аллаһ Тағала бізге Мұхаммедті (с.а.у.) елші етіп жіберді.
Сондықтан біз тек қана хазірет Мұхаммедтен көргеніміздей
істейміз» деп жауап берді.
161
Сүннеттің сүннетті нәсх етуі
Ибн Омар бұл тақырыпқа байланысты Расулуллаһтың
мына хадисін жеткізген:
«Күмәнсіз, менің хадистерім де бір-бірлерін нәсх етеді;
Құран аяттарының бір-бірлерін нәсх еткені сияқты...».
162
Зүбайр ибн Аууам да мына хадисті риуаят еткен:
«Құран аяттары бір-бірін нәсх еткені сияқты, Расулуллаһ
та кейде бір көзқарас айтады сосын бұл көзқарас біраз уақыт
қолданыста болады; кейіннен басқа бір хадис айтып алдынғы
хадисін нәсх ететін еді».
163
Хауф 1; ибн Мәжә, Иқамәт 73; Дарими, Салат 2; І, 25, 36; Абдурраззақ,
а.а.ә. ІІ, 517; Шафи, әл-Умм І, 179; Фәсәуи, а.а.ә. ІІ, 205; Бәйхақи, Сүнән
ІІІ, 134.
161. Нәсай, Таксирус-салат 15; ибн Мәжә, Икаметус-Салат 73; Малик І, 295-
296; Абдуррәззақ, а.а.ә. ІІ, 517, 518; Фәсәуи, а.а.ә. І, 372; Хаким, а.а.ә. І,
258; Бәйхақи, а.а.ә. ІІ, 136.
162. Дарәкутни, Сүнән ІҮ, 145; ибн Ади, әл-Камил ҮІ, 2188; Хатиб, әл-Фақих
І, 331; Хазими, әл-Итибар 23 б; Муттақи, Кәнзул-уммал 1086.
163. Дарәқутни, а.а.ә. Сүнән ІҮ, 145; Хазими 24 б.