57
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Құранның сүннетке мұқтаждығы
Риуаят етілгеніне қарағанда, Мәкһул (ө. 110/728)
«Құранның сүннетке мұқтаждығы, сүннеттің Құранға
мұқтаждығынан артығырақ»
164
деген. Басқа бір риуаятқа
қарағанда Яхя ибн Әби Кәсир (ө. 132/749) Құран сүннетке
үкім ете алмаса да сүннеттің Құранға үкім ететіндігін
айтқан.
165
Бәйхақи бұл сөздің мағынасын былай түсіндіріп
береді:
«Сүннет Аллаһтың Құрандағы мақсатын түсіндіру
қызметін атқарады. Негізінде сүннет, Құранға қайшы
келетін нәрсе айтпайды. Бұл тұрғыда Аллаһ Тағала
«Саған
да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп,
Құранды түсірдік»
166
деген. Қысқаша айтқанда Құранның
сүннетке мұқтаж болуы деген сөз, сүннеттің Құранды
түсіндіруі әрі мүжмәл (мағынасы айқын емес) аяттардың
мағынасын ашып беру дегенге келеді. Өйткені, қысқа әрі
нұсқа түсіндірілгеніне байланысты Құранда бірнеше құпия
білім қазыналары бар. Осы құпия сырларды түсіндіретін
нәрсеге қажеттілік бар. Ал мұның жолы Құран түсірілген
хазірет Пайғамбар арқылы мүмкін болмақ. Құран сүннетті
түсіндіруші әрі оған үкім етуші емес, сүннеттің Құранға
үкім етуші болуының мағынасы осыған саяды. Сүннеттің
ашық айқын түсіндіруі жағынан Құранның дәрежесінде
болмағандықтан ол өз алдына бір түсініктеме. Ендеше
сүннет, Құраннан әлдеқайда түсінікті болуы керек.
Хишам ибн Яхя әл-Маһзуми мына бір жайтты айтып
береді:
164. Ибн Абдилбәрр, а.а.ә. 563 б; Хатиб, ә.л-Кифая 14 б; Хазими, а.а.ә. 25 б.
165. Дарими, Муқаддимә 49; ибн Абдилбәрр, а.а.ә. 564 б; Хатиб, а.а.ә. 14 б; Ха-
зими, а.а.ә. 25 б.
166. Нахыл сүресі, 44-аят.