54
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса,
сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны
бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз. Ол нендей
жаман орын!»
152
деген аятты оқыды да сөзін сабақтап;
– Егер мүміндердің бір ауыздан келіскен нәрсесімен яғни
ижмаменжүру парыз болмағанда, АллаһТағала мүміндердің
жолынан басқа жол іздегенді тозаққа тастаймыз деп
қорқытпайтын еді, - деді.
Қария:
– Дұрыс айтасың, деп орнынан тұрып кете барды.
Шафи оның арқасынан;
–Бұл аяттың мен үшін дәлел болатынын түсінгенге дейін
Құранды күнде үш қайтара оқыдым, - деді.
153
Муғаз ибн Жәбәл Йемен қаласына әкім болып бара
жатқанда, алдыңнан шыққан мәселелерді қалай шешесің
деп сұраған хазірет Расулуллаһ пен араларында мынадай
әңгіме өрбиді:
Муғаз ибн Жәбәл:
– Аллаһтың кітабымен үкім беремін.
– Аллаһтың кітабында жоқ болса?..
– Расулуллаһтың үкімдерін қолданамын.
– Расулуллаһтың ол мәселеде үкімі жоқ болса ше?..
– Онда өзімнің ойыма саламын (ижтихад етемін).
Осылайша мәселені шешімсіз қалдырмаймын.
Оның берген жауабын риза болған хазірет Пайғамбар,
кеудесін қағып:
– Расулуллаһтың елшісін, Расулуллаһтың көңілін жай
таптырған Аллаһқа хамд болсын, - деді.
154
* * *
152. Ниса сүресі, 115-аят.
153. Субки, Табақатус-Шафия ІІ, 243-244; Зәһәби, Сияру ағлам Х, 83-84.
154. Әбу Дәуіт, Акдия 11; Тирмизи, Аһкам 3; Ахмет ибн Ханбал Ү, 242; Дари-
ми, Муқаддимә 20; Бәйхақи, Сүнән Х, 114; ибн Абдилбәрр, а.а.ә. 359 б.