Previous Page  52 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 52 / 110 Next Page
Page Background

52

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

шындықты айтқандарды өтірікші деп айтқандар»

147

деген».

Осман ибн Нүфәйл Ахмет ибн Ханбалға «Пәлен адам,

Уәки, Иса ибн Юнус пен ибнүл-Мүбарак жайлы алып-

қашты әңгіме айтып жүр» дегенде Ахмет ибн Ханбал,

«Шындықты айтқандарды өтірікші деген адамның өзі барып

тұрған өтірікші» деп айтқан.

148

Мүслим ибн Сириннің былай дегенін риуаят еткен:

«Сондай бір дәуір өткен, ол дәуірде адамдар, хадистердің

шындығын зерттеуге қажеттілік сезінбейтін. Алайда бүлік

ортаға шыққанда шындығына көңіл аударылып, сүннетті

жетік білетін рауилердің хадистері ғана алынатын болды;

бидағатшылардың хадистері тәрк етілді».

149

Имам Мәліктің риуаятына қарағанда Омар ибн Абдулазиз,

«Расулуллаһ (с.а.у.) әрі одан кейін келген Төрт халифалар,

бірнеше сүннет ортаға қойған. Олармен амал ету Құранды

растау, Аллаһқа толық мойынсұну және Оның дінін қуаттау

деген сөз. Кімде-кім бұларды басшылыққа алып, одан

пайдаланатын болса, тура жолды тауып, жетістікке жетеді;

кімде-кім бұлардан бас тартатын болса иман жолынан

адасады» дегеннен кейін «Мүміндердің жолынан басқа жол

іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз.

Ол нендей жаман орын!»

150

деген аятты оқыды.

151

147. Қайдан алынғаны табылмады.

148. Ибн Хажар, Тәһзиб ҮІІІ, 238. Осы жерде ғана бұл адамның Осман ибн

Нүфәйл емес, Али ибн Осман ибн Нүфәйл екендігі білдірілген. (Аудар-

машы).

149. Мүслим, Муқаддимә 5; ибн Рәжәб,Шәрһу илел 62 б; Дарими, Муқаддимә

38; Хатиб, әл-Кифая 122 б; Укайли, әд-Дуафа І, 11.

150. Ниса, 4/115.

151. Ибн Абдилбәрр, Жамиғ 556 б; Хатиб, әл-Фақиһ І, 435-436; Әбу Нуайым,

Хилятул-әулия ҮІ, 324.