Previous Page  47 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 110 Next Page
Page Background

47

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

анық-қанығын білу үшін Расулуллаһтың ханымы Үммә

Сәләмәгебірадамжіберді. ҮммүСәләмәӘсламиқауымынан

Сүбәя деген әйел күйеуі дүниеден өткеннен кейін көп уақыт

өтпей босанады. Ол қайтадан үйлену үшін пәтуа сұрағанда

Расулуллаһтың оған рұқсат бергендігін айтты.

132

Сахабалардың дәуірінде

«өтірік айту» дегенжоқ еді

Бәйхақи Бәраның былай деп айтқандығын риуаят еткен:

«Барлығымыз Расулуллаһтың (с.а.у.) хадистерін естуге

мүмкіндік таба бермейтінбіз. Өйткені әркімнің өзіне

тиесілі мал-мүлігі мен айналысатын шаруасы болатын.

Бірақ адамдар өтірік айтпайтын, хадистерді естігендер

естімегендерге жеткізетін».

133

Қатада (ө. 117/735) болса бұл жайлы былай деген:

«Әнәс бір хадис айтты. Оны естіген біреу оған «Сен

бұл хадисті Расулуллаһтың өз аузынан естідің бе?» деп

сұрағанда, «Иә, өз аузынан естідім» (немесе «оны маған

өтірік айтпайтын біреу айтты») депжауап берді де «Уаллаһи,

біз өтірік айтпаймыз, тіпті өтірік дегеннің не екенін де

білмейміз» деді».

134

Бәйхақи Мәліктен келген бір риуаятқа қарағанда

Рәжаның, «Абдуллаһ ибн Омар Расулуллаһтың әміріне,

сүннетіне әрі іс-қимылдарына көңіл аударғаны соншалық,

оны көргендер ақылынан адасқан ба деп айтуға дейін

баратын» деп айтқанын жеткізген.

135

132. Мүслим, Талақ 57; Тирмизи, Талақ 18; Нәсай, Талақ 56; Дарими, Талақ ІІ,

Ахмет ибн Ханбал ҮІ, 314; Бәйхақи, а.а.ә. ҮІІ, 429.

133. Рамәһүрмүзи, әл-Мухаддисул-фасыл 235 б; Хаким, әл-Мүстәдрәк І, 137;

Марифәтүс-Сүнән 14 б; Хатиб, әл-Жамиғ І, 117; әл-Кифая 385 б.

134. Хаким, әл-Мүстәдрәк ІІІ, 575; Хатиб, а.а.ә. І, 117; Табәрани, әл-Кәбир І,

218.

135. Зәһәби, Сияру ағлам ІІІ, 213.