Previous Page  50 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 110 Next Page
Page Background

50

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

мынандай дауыс шығып тұрады: «Төреші менмін, дәян

141

менмін. Жұмаққа кіретін адамға зұлымдық жасаған

тозақтық осы ақысын өтемей тұрып тозаққа кірмейтіні

сияқты, тозақтық бір адамға зұлымдық жасаған жұмақтық

та сол ақысын өтемей тұрып жұмаққа кірмейді; бір рет ұрып

зұлымдық жасаған болса да».

«Расулуллаһқа «Қиямет күні қасымызда осы ақымызды

өтейтіндей ешнәрсе болмайды, жалаңаш тіріледі екенбіз.

Бұл қалай болады?», дегенімізде Расулуллаһ, «Жақсылық

пен жамандықтарыңызды айырбастау арқылы...» деп жауап

берді.

142

Бәйхақи Ата ибн Әбу Рабаһтың (ө. 114/732) былай

дегендігін риуаят еткен:

«Әбу Әюб (әл-Ансари) естіген бір хадистің ақиқатына

көз жеткізу үшін, ол хадисті Расулуллаһтан естігендердің

ішінде тірі қалған жалғыз сахаба Укба ибн Амрға (ө. 60/680)

бармақ болып жолға шықты. Алдымен Мысырлық әмірші

Мәсләмә ибн Мұһалледтің (ө. 62/681-682) үйіне ат басын

тіреп онымен біраз уақыт көріскеннен кейін, оған Укбаның

үйіне алып баратын адам тауып бер деп өтініш жасады.

Мәсләмә Әбу Әюбқа Укбаның үйін көрсететін адам тауып

берді. Укба, Әбу Әюбты құшақтап қарсы алғаннан кейін

«Жайшылық па Әбу Әюб! Не үшін келдің?» деп сұрағанда

Әбу Әюб, «Мүміннің қателігін жасыруға байланысты

Расулуллаһтан естіген хадисті алу үшін келдім» деді.

Сонда Укба, «Иә, Расулуллаһтың, «Кімде-кім дүниеде

бір мүміннің айбын жасырса, қиямет күні Аллаһ та оның

айыбын жасырады» деп айтқанын естідім» деді.

Хадисті Укбаның өз ауызынан естіген Әбу Әюб,

Мадинаға қайтпақболыпжолғашықты.Мысырдыңәміршісі

141. «Есепке тартатын, нағыз құдірет иесі» дегенді білдіреді. (Аудармашы).

142. Бұхари, Илм 19; Ахмет ибн Ханбал ІІІ, 495; Хаким, а.а.ә. ІІ, 437-438;

Хатибул-Бағдади, әр-Рихлә 111 б; Муттақи, Кәнзул-ұммал 38953.