48
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сәмура былай деген:
«Расулуллаһтың дауыстап оқыған намаздарында мына
екі жерде үндемегендігі есімде қалыпты. Ифтитаһ тәкбірінде
және Фатиханың соңында...
Имран ибн Хұсайын осы жайлы Убәй ибн Қағбқа бір хат
жазды. Убәй оған берген жауабында Сәмураны қолдап әрі
«Сәмура Расулуллаһтың хадистерін жаттап алған болатын»
деген».
136
Ибн Сириннің риуаятына қарағанда ибн Аббас,
мұсылмандарға пітір садақасын беру керектігін айтқанда
қарсы шықты. Сонда ибн Аббас Сәмураға хабар жібертіп
Елшінің пітір садақа беру жайлы әмірін біліп-білмейтінін
сұрады. «Иә, білемін» деп жауап бергеннен кейін ибн Аббас
«Олай болса мұны халыққа не үшін айтпай жүрсің?» деп
Расулуллаһтың пітір садақа жайлы әмірін мұсылмандарға
айтпағыны үшін Сәмураны кінәлады.
137
Бұхари Абдуллаһ ибн Амрдан Расулуллаһтың (с.а.у.)
былай дегенін риуаят еткен:
«Менен бір аят естісеңдер оны адамдарға жайыңдар.
Хадистерімді бір-бірлеріңе жеткізіңдер; бірақ маған өтірікті
жолатпаңдар. Кімде-кім маған әдейі өтірікті телитін болса
тозақтағы орнына дайындалсын!».
138
Ибнул-Мүбарәк мына оқиғаны айтып береді:
Әбу Асамә Әбу Ханифаға, «Мен ақылға негізделген
мына кітаптарды есту арқылы үйрендім. Хадистерді кімнен
есту керектігі жайлы қандай ұсынысың бар?» деп сұрады.
136. Әбу Дәуіт, Салат 122; Тирмизи, Салат 186; ибн Мәжә, Икамәтус-салат
12; Дарими, Салат 37; Абдурразақ, а.а.ә. ІІ, 134-135; Ахмет ибн Ханбал
Ү, 7, 15, 20; ибн Хүзәймә, а.а.ә. ІІІ, 35; ибн Хиббан, Сахих ІІІ, 143; Хаким,
әл-Мүстәдрәк І, 215; Бәйхақи, а.а.ә. ІІ, 195; Дарәқутни, а.а.ә. І, 309, 36.
137. Қайдан алынғаны табылмады.
138. Бұхари, Илим 38; Мүслим, Зүһд 72; Әбу Дәуіт, Илм 4; Тирмизи, Илм 8,
13; ибн Мәжә, Муқаддимә 4; Дарими, Муқаддимә 46; Ахмет ибн Ханбал
ІІ, 159, 202, 214.