44
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
пен ынжықтықтың да ұялшақтықтан туындайтынын
оқыған едік», дегенде Имран ашу шақырып, «Мен саған
Расулуллаһтың сөзін айтып тұрмын, сен болсаң оқыған
кітабыңнан бір нәрселер түсіндіріп қарсылық білдіріп
тұрсың» деді.
124
Бәйхақи мен Хаким Хасанул-Басриден мына бір хадисті
жеткізеді:
Имран ибн Хұсайын, Елшінің (с.а.у.) сүннеті жайлы
айтыпжатыреді. Бірадам, «Ей,ӘбуНүжәйд!СенбізгеҚұран
жайлыайтсаңшы...» дегендеИмран, «Сенжәнежолдастарың
Құран оқисыңдар. Маған намаз және намаздың шарттарын;
алтын, түйе, сиыр мен басқа да малдардың түрінен берілетін
зекеттің мөлшерін айтып бере аласың ба?» деп сұрағаннан
кейін Расулуллаһтың зекет беруге байланысты парыздарды
түсіндіріп бергенде әлгі адам, «Сен менің көзімді аштың,
Аллаһ Тағала да сенің көзіңді ашсын» деді.
Хасанул-Басри сол адамның кейіннен фиқһ білімін
терең меңгеріп жоғары мәртебеге жетіп дүниеден өткенін
айтқан.
125
Расулуллаһтан келген хабарларды
қабылдаудағы сахабалардың ижмасы
Шафи бұл жайында «Расулуллаһтан келген хабарларды
қабылдамайтын сахаба мен табиғин болмайтын», дегеннен
кейін, Салим ибн Абдуллаһтан мына хадисті риуаят еткен:
«Хазірет Омар зиярат тауафынан бұрын, шайтанға тас
лақтырудан кейін иіс су себуге тыйым салды. Ал негізі бибі
Айша Расулуллаһ ихрамға кіргенде әрі ихрамнан шыққанда
124. Бұхари, Әдеп 77; Мүслим, Иман 61; Әбу Дәуіт, Әдеп 6; Ахмет ибн Ханбал
ІҮ, 426, 427, 440, 442, 445, 446.
125. Бәйхақи, а.а.ә. Х, 272; Хаким, а.а.ә. І, 109-110; Хатиб, әл-Кифая 15 б; әл-
Фақиһ І, 237-238.