40
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Али ибн Әби Талиб былай деп айтқан:
«Расулулаһтың өзінен бір хадис естігенімде, Аллаһ
Тағаланың нәсіп еткенінше одан пайдаланатынмын. Алайда
сахабалардың біреуі маған бір хадис жеткізсе одан ант етуін
қалайтынмын. Хазірет Әбу Бәкір маған Расулуллаһтың
«Жақсылап дәрет алғаннан кейін екі рәкағат намаз оқып
соңынан Аллаһтан кешірім тілеген күнәһар мүмінді Аллаһ
кешіреді»,
108
деп айтқанын риуаят еткен.
Бұхари мен Мүслимнің риуаят еткеніне қарағанда Зәйд
ибн Сәбит ибн Аббасқа етеккірі келген әйелдің қажылықта
қоштасу тауафын орындамай Қағбадан кетуіне пәтуа бере
аласың ба деп сұрады. Ибн Аббас «Иә, беремін. Сенбесең
Аңсарлық пәленше әйелден сұра; Расулуллаһ оған осылай
әмір етпеген бе еді?» дегенде, Зәйд ибн Сәбит әйелден
мәселенің анық-қанығын сұрады; ол күлімсіреп кері қайтты
да ибн Аббасқа «Дұрыс айтасың» деді.
109
Шафи осы мәселеге байланысты былай дейді:
«Ибн Аббаспен келіспеген Зәйд ибн Сәбит, алдымен
осы пәтуаға қарсы шықты. Бірақ Аңсарлық әйелдің
Расулуллаһтан алған хадисін естігеннен кейін өзінің
көзқарасынан бас тартты».
110
Бұхари мен Мүслим, Сайд ибн Жүбәйірден мына
хабарды риуаят еткен:
«Ибн Аббасқа, Нәуф әл-Бәққала «Қызырдың (а.с.)
жолдасы болған Мұса, Исрайыл ұлдарының пайғамбары
болған хазірет Мұса емес деп айтты», дедім. Сонда ибн
Аббас «Өтірік айтады Аллаһтың дұшпаны! Убәй ибн Қаб
маған Расулуллаһ бір хұтпасында өздеріне осы тақырып
а.а.ә. ҮІІ, 434.
108. Әбу Дәуіт, Салат 361; Ахмет ибн Ханбал І, 10; Хумәйди, а.а.ә. І, 4.
109. Бұхари, Хаж 144; Мүслим, Хаж 381; Әбу Дәуіт, Мәнасик 84; Бәйхақи,
а.а.ә. Ү, 161; Шафи, әр-Рисалә 440-441; әл-Умм, ІІ, 180-181.
110. Шафи, әр-Рисалә 441-442 б.