35
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сәйкес келмесе де Құранның аятын қуаттайды» деген сөзіне
демеу беріп тұрғандай. Өйткені Расулуллаһ кейде Құраннан
ешкімнің шығара алмайтын мағынаны шығара алады. Бұл
сөзімізге дәлел, одан есектерден берілетін зекеттің мөлшері
сұралғанда, «Бұл жайында Аллаһ Тағала жалпылама
мағынаға келетін мына аяттан басқа бір нәрсе түсірмеген»:
«Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық
істеген болса, ол оны көреді. Ал және кім тозаңның
түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді»
91
деп
жауап берді.
92
Міне қараңыз; Расулуллаһ (с.а.у.) есектердің зекетіне
байланысты үкімді қандай аяттан шығарған!
Ибн Әби Хатимнің риуаятына қарағанда, ибн Мәсғуд
былай деген:
«Құранда айтылмаған ешқандай нәрсе қалмаған. Алайда
біздің танымымыз оны түсінуге жете бермейді. Сондықтан
да Аллаһ Тағала
«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық
баян етерсің деп, Құранды түсірдік»
93
деген.
94
Міне бұл
алғаш мұсылмандардың қатарындағы атақты сахаба ибн
Мәсғудтың сөзі...
Сүннет – Құранның түсіндірмесі
Кейбір ғалымдар сүннетті Құранның түсіндірмесі деп
айтқан. Ибн Бәррәжан да (ө. 536/1141)
95
сүннеттің Құранды
қуаттайтындығына байланысты еңбек жазған. Шафи мен
91.
Зілзала сүресі, 7-8 аяттар.
92.
Бұхари, Тәфсир (Зілзала), 1-2; Мүслим, Зекет 6; Нәсай, Хайл 2; Ахмет
ибн Ханбал ІІ, 262, 383; Ибн Хұзәймә, Сахих ІҮ, 10, 32; Бәйхақи, Сүнән І,
15-16.
93.
Нахыл сүресі, 44-аят.
94.
Қайдан алынғаны табылмады.
95.
Аты, Абдуссәлам ибн Абдуррахман. Батыстық. 536/1141 де дүниеден
өткен. (Қараңыз Зәһәби, Сияру ағлам ХХ, 72-73.).