Previous Page  31 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 110 Next Page
Page Background

31

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

менікі емес»

.

77

Осы риуаяттың сәнатындағы Хұсайын ибн Абдуллаһ

ибн Дамира және Бишр Нүмейір, ибн Мағин сияқты рауи

сыншыларының сынынан өте алмағандықтан дәлел ретінде

келтіруге жарамайды деген тұжырымға келген.

Бәйхақи осы мағынадағы басқа да риуаяттарды да

былайша тізбектеп берген:

СалихибнМұса арқылыӘбуҺұрайраданРасулуллаһтың

(с.а.у.) былай дегенін риуаят еткен:

«Мен айтқан деген түрлі хадистер сендерге жететін

болады. Олардың ішінен Аллаһ Тағаланың кітабы мен менің

сүннетіме сай келетіндер менікі, сай келмейтіндері менікі

емес»

.

78

Осы хадистің риуаятында әлсіз рауилердің қатарына

жататын Салих ибн Мұса әт-Талхидің жалғыз өзі

қалғандықтандәлелретіндекелтіругеболмайды.Алхадистегі

«Аллаһтың кітабы мен менің сүннетім» деген сөздің келуіне

байланысты бұл риуаят, сүннетті қабылдайтындарға қарсы

емес. Керісінше олар үшін дәлел болады.

Тағы да Әбу Һұрайрадан Яхя ибн Адем>ибн Әбиз-

Зиб>Садид әл-Макбури арқылы келген риуаятқа қарағанда,

Расулуллаһ былай деген екен:

«Менен сендерге ұнамды әрі жатсынбайтын бір хадис

жететін болса, оны мен айтсам да айтпасам да құптаңдар.

Өйткені мен сендерге ұнамды жақсы нәрселер айтамын;

ұнатпайтын нәрселер айтпаймын. Дегенмен менен сендерге

ұнамайтын оғаш сөздер жететін болса, оны қолдамаңдар.

Өйткені мен, ұнамсыз оғаш сөздерді айтпаймын».

79

Ибн Һұзаймә (ө.311/923) осы хадистің сәнадын тексере

келе былай деп сынға алады «Дүниенің ешқандай жерінде

77.

Дарәқутни, Акдия 20.

78.

Дарәқутни, Акдия 20.

79.

Ибн Ади, әл-Камил І, 12; Дарәкутни, Акдия 20..