Previous Page  28 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 28 / 110 Next Page
Page Background

28

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

екендігіне ишара болатынын айтқан.

68

Осы мәселеге

байланысты Ирбад ибн Сария (ө. 75/694) мына оқиғаны

айтып береді:

«Расулуллаһпен бірге Хайбарда түнедік. Қасында

сахабалар да бар еді. Қанішер жауыз Хайбардың билеушісі

Елшіге (с.а.у.) келіп; «Уа, Мұхаммед! Есектерімізді союға,

жемістерімізді жеуге, әйелдерімізді ұруға ақымыз бар ма!?»

дегенде, Расулуллаһ қатты ашуланды да (Абдуррахман) ибн

Ауфты (ө. 32/652) шақырып «Атыңа мін де мұсылмандарды

намазға шақырып кел» деді. Жиналған мұсылмандарға

намаз оқытқаннан кейін орнынан тұрды да «Араларыңда

орындығына шалқайып отырып алып, Аллаһтың мына

Құрандағыдан басқа ешнәрсеге тыйым салмағанын

айтатындар бар ма?» Уаллаһи, мен де кейбір нәрселерді

әмір еттім, тыйым салдым яки ұсыныс жасадым. Олар да

Құрандағы әмір, тыйым мен ұсыныстар сияқты маңызды

екенін біліп қойыңдар. Расында Аллаһ Тағала әһлі кітаптың

үйлеріне рұқсатсыз кірулеріңді, әйелдеріңді ұруды және

қарыздарын өтеген жағдайда жемістерін жеуді сендерге

арам қылған» деді.

69

Сүннеттің Құранға сәйкестігі

Сүннеттің қойған үкімдерін Құранға салып көріп

оған сәйкес келетіндігін зерттеу мәселесінде кейбір әлсіз

рауилерден жеткен хадистердің ешқандай дәлелі жоқ.

Шафи хадистерді тәрк ететіндердің мына риуаятты алға

тартатындықтарын айтады:

«Менен сендерге жеткен сөздерді Құранмен салысты-

рыңдар. Құранға сәйкес келетіндерін мен айтқанмын,

68.

Шафи, а.а.ә. 404 б.

69.

Әбу Дәуіт, Имара 32; Бәйхақи, Сүнән ІХ, 204; Хатиб, әл-Кифае 9-10.