33
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
оған айтылған сөздерге «Маған Құран жетеді» деп қарсылық
білдіргенін естімейтін болайын! Сендерге жеткен жақсы
сөз, шын мәнінде менікі болса да болмаса да оны мен айтқан
боламын. Бірақ сендерге менен жаман сөз жеткізетін болса,
оны қабылдамаңдар. Өйткені мен жаман сөз айтпаймын».
84
Бәйхақи осы хадистің бас жағы сахих хадиске сай
келетінін, ал мәтініндегі «менікі болса да болмаса да» деген
бөлігінің хазірет Пайғамбар айтты дегенге келмейтінін әрі
қабылдауға тұрарлық сөз еместігін айтқан.
Абдуррахман ибн Сәлман>Әбул-Хубәйрис>Мұхаммед
ибн Жүбәйір ибн Мутим сәнадымен келген риуаятқа
қарағанда, Расулуллаһ (с.а.у.) былай деген екен:
«Менен сендерге жеткізілген жақсы сөздерді құптаңдар;
ұнатпаған сөздеріңді қолдамаңдар. Өйткені мен, сендерге
ұнамайтын сөз айтпаймын. Ондайлар менің сөзім емес».
85
Бәйхақи жоғарыдағы хадистің сәнады толық еместігін
айтып, осы тақырыпқа байланысты риуаяттардың ішінде
сәнады ең дұрысы ретінде, Рабия>Абдулмәлік Әбу Усайк
ибн Сайд ибн Сүбәйд>Әбу Хамид (немесе Әбу Усәйд)
арқылы келген мына хадисті келтіреді:
«Менен сендерге жеткен бір сөз, көңілдеріңе қонымды,
сезімге әсерлі болып, оны өздеріңе жақын сезінсеңдер ол сөзді
айтуға ең лайықты мен боламын. Бірақ менікі деп келген сөз,
көңілге қонымсыз, жиіркеніш тудырып, сендерге жат болып
келсе, ондай сөзден аулақ болатын да менмін»
.
86
Бүкәйр>Абдулмәлік ибн Сайд>Аббас ибн Сәһл арқылы
келген бір риуаятқа қарағанда Убәй былай деген:
«Расулуллаһтан сендерге, жақсы әрі көңілге қонымды
бір сөз жеткізілсе, Елшінің аузынан қайырлы сөзден басқа
84.
Ахмет ибн Ханбал ІІ, 367; Һәйсами, а.а.ә. І, 154.
85.
Хатиб, әл-Кифая 430 б.
86.
Ахмет ибн Ханбал Ү, 420; ибн Сағд, әт-Табақат І, 387-388; Бұхари, әт-
Тарих Ү, 415-416; ибн Хиббан, а.а.ә. І, 141; Һәйсәми, а.а.ә. І, 149.