Previous Page  32 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 110 Next Page
Page Background

32

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Яхя ибн Адемнің риуаятынан басқа ибн Әбиз-Зибидің жет-

кізген хабарын білетін әрі осыхадисдіӘбуҺұрайрадан алған

хадисшіні кездестірмедім».

80

Сондай-ақ Бәйхақи хадисті

һәм рауиі Яхя ибн Адем, һәм мәтіні жағынан да негізсіз

хадистердің қатарына жатқызып өте өрескел қайшылықтар

бар екендігін білдіре отырып, кейбір рауилердің сәнадында

Әбу Һұрайраны көрсетпей де хадисті мүрсәл (сәнадында

бір сахаба көрсетілмеген хадис) деп риуаят еткендігін

айтқан. Сондай-ақ, Бұхаридің де Әбу Һұрайраны сәнадта

көрсетпеуді қателікке жатқызғандығын,

81

сонымен қатар

хадистің кейбір риуаяттарында «Менен бір хадис риуаят

еткендеріңде, оны Аллаһтың кітабымен салыстырыңдар»

деген мағынаның орын алғанын білдірген.

82

Харис ибн Нәбхан>Мұхаммед ибн Абдуллаһ әл-

Арзәми>Абдуллаһ ибн Сайд ибн Әби Сайд арқылы Әбу

Һұрайрадан келген риуаят былайша:

«Сендерге жеткен, алайда оны шын мәнісінде мен

айтпаған жақсы сөзді мен айтқан болып саналамын».

83

Бұл хадис сахих емес, ойдан шығарылған. Өйткені

сәнадындағы Харис пен Арзәми атты рауилер, сөзі

қабылданбайтын рауилердің қатарына жатады. Абдуллаһ

ибн Сайд болса, Әбу Һұрайрадан алған риуаяттарда (Әбу

Һұрайраны аттап өтіп) көптеген олқылықтар жіберген. Ал

Әбу Һұрайрадан келген басқа бір риуаят, осы риуаяттың бір

бөлігіне қайшы келеді.

Әбу Машер әс-Синди>Сайд әл-Макбури арқылы келген

әрі Әбу Һұрайрадан алынған деген бір хадиске қарағанда

Расулуллаһ былай депті:

«Сендерден біреу орындығына шалқайып отырып алып,

80.

Зәһәби, Сияру ағлам ІХ, 524.

81.

Бұхари, әт-Тарих ІІІ, 474.

82.

Ажлуни, Кәшфул-хафа І, 89.

83.

Ибн Хазым, әл-Ихкам ІІ, 199.