38
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
оқиғаны айтып берді:
Екі күңім бар болатын. Оның біреуі жүкті күңді таяқпен
ұрып баласын тастауына себепші болды. Расулуллаһ (с.а.у.)
осы оқиғада, дені сау адамға төленетін құнның жиырмадан
біреуі берілсін деп үкім берді.
Хазірет Омар осыны көргеннен кейін «Егер бұл хадистен
хабарымыз болмағанда, өзімнің көзқарасым бойынша басқа
үкім беретін едік!», деді.
101
Бәйхақи осыған орай айтылған Шафидің мына сөзін
жеткізеді:
«Хазірет Омар, Даххақтың жеткізген хадисін қолдана
отырып, өзінің көзқарасы бойынша берген үкімнен
бастартқан. Тастандыбалағабайланыстыхадисті естімегенде
өзінің ойына салып басқа бір үкім берген болар еді».
102
Бұхари мен Мүслим, ибн Шиһаб әз-Зүһри арқылы
Абдуллаһ ибн Амр ибн Рабиғадан (ө. 80/699 шамасы)
жеткен мына оқиғаны риуаят еткен:
ХазіретОмарШамқаласынабармақболыпжолғашығады.
Шамға баратын жолдың бойындағы Тәбук деген аймақта
орналасқан «Сәрғ» атты ауылға барғанда, Шам қаласында
оба ауру шыққандығы жайлы хабар алады. Мұны естіген
Абдуррахман ибн Ауф, хазірет Омарға Расулуллаһтың
(с.а.у.) мына бір сөзін айтып есіне түсіреді:
«Бір жерде оба ауруы шыққанын естісеңдер, ол жерге
бармаңдар. Ал егер тұрғылықты жерлеріңнен оба ауруы
тарайтын болса, ол жерден қашып шықпаңдар».
Осы хадисті естіген хазірет Омар, сапардан бас тартып
101. Шафи, а.а.ә. 426 б; әл-Умм ҮІ, 107; Ахмет ибн Ханбал ІҮ, 79-80; Әбу
Дәуіт, Дият 19; Нәсай, Иқамә 12; ибн Мәжә, Дият 11; Дарими, Дият 20;
ибн Хиббан, әс-Сахих ҮІІ, 605; Абдурраззақ, а.а.ә. Х, 58-59; Дарәқутни,
а.а.ә. ІІІ, 116-117; Хаким, әл-Мүстадрәк ІІІ, 575; Бәйхақи, а.а.ә. ҮІІІ, 43;
әл-Мәдхал, 93 б.
102. Шафи, а.а.ә. 427 б.