41
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жайлы түсіндіріп бергенін айтты» деді де, Мұса мен Қызыр
жайлы хадисті айтып берді.
111
Шафи, фиқһ білімін терең меңгерген әрі тақуа бола тұра
ибн Аббастың, Расулуллаһтың хадисіне қайшы келетін
риуаят келтіргені үшін мұсылманға «Аллаһтың дұшпаны»
деп оны өтірікшілердің қатарына қосқанын айтқан.
112
Бәйхақи мен Хакимнің Хишам ибн Хужәйірден
113
риуаят еткеніне қарағанда Таус, екінті намазынан кейін екі
рәкағат намаз оқиды екен. Ибн Аббас одан осы екі рәкағат
намазды оқымауын талап етті. Бірақ Таус әдеттегідей
намазын жалғастыра бергендіктен ибн Аббас «Аллаһтың
Елшісі екінті намазынан кейін намаз оқуға тыйым салды.
Сен осы оқыған намазың үшін азапқа душар боласың ба,
әлде сауапқа кенелесің бе мұны білмеймін. Өйткені Аллаһ
Тағала:
«Аллаһ және Елшісі қашан бір іске үкім берсе,
мүмін ер және мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті
болуларына болмайды»
,
114
деп бұйырған» деді.
115
Шафи, ибн Аббастың Елшіден алған хадисіне сүйене
отырып, Таустың әрекетінің дұрыс еместігін анықтап
бергенін, сондай-ақжоғарыдағыаяттыдәлелретінде келтіріп
Аллаһ пен Елшісінің үкімі бар жерде ерікті қолдануға
болмайтынын айтқан.
116
111. Бұхари, Әнбия 27; Мүслим, Фәдайл 170; Тирмизи, Тәпсир 18; Ахмет
ибн Ханбал Ү, 117-118; Шафи, а.а.ә. 442; Хүмәйди, а.а.ә. І, 182; Бәйхақи,
Марифәтус-Сүнән І, 36; әл-Әсма, 116-117; Хатиб, әр-Риһлә 97-98; Ибн
Абдилбәрр, Жамиғ 400.
112. Шафи, а.а.ә. 442-443.
113. Аударылып отырған кітаптағы нұсқада Хишам ибн Жүбәйір деп
жазылғанымен хадис кітабында Хишам ибн Хужәйір деп риуаят етілген.
(Аудармашы).
114. Ахзап сүресі, 36-аят.
115. Шафи, әр-Рисалә, 443 б; Дарими, Муқаддимә 39; Хаким, а.а.ә. І, 110;
Бәйхақи, Сүнән ІІ, 453; ибн Абдилбәрр, а.а.ә. 559 б; Хатиб, әл-Фақиһ І,
380.
116. Шафи, а.а.ә. 444 б.