Previous Page  46 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 110 Next Page
Page Background

46

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

біліп қой!»

128

Әузағй, мұның себебін былай түсіндіріп берген:

«Өйткені сүннет, Құранға үкім етуші болып келген,

алайда Құран сүннетке үкім етпейді».

129

Әюб әс-Сахтияни мына оқиғаны айтып береді:

«Бір адам Мұғтарриф ибн Абдуллаһтың (ө. 95/713-714)

жанында «Бізге Құранда жоқ нәрселерді айтпаңдар» дегенде

Мұғтарриф, «Уаллаһи, біз Құранға қосымша бір нәрсе қосып

жатқан жоқпыз; тек қана Құранды бізден жақсы білетін

Расулуллаһтың хадистерін жеткізіп жатырмыз» деді».

130

Бұхаридің риуаятына қарағанда Мәруан ибн Хакем (ө.

65/684) былай деген:

«МеккеменМадинаныңарасында хазіретАлименхазірет

Османды көрдім. Хазірет Осман тәмәттү қажылығын яғни

қажылық пен ұмраны біріктірмеңдер деп тыйым салып

жатыр еді. Мұны естіген хазірет Али тәмәттү қажылығын

орындамақ болып қажылық пен ұмра үшін бірге тәлбия айта

бастағанда хазірет Осман, «Мен адамдарды бұл істен тыйып

жатырмын, сенің істеп жүргенің не?!» деді. Сонда хазірет

Али, «Бір адамның сөзіне қарап Расулуллаһтың сүннетін

тәрк ететін жағдайым жоқ» деп жауап берді.

131

Мүслим Сүлеймен ибн Ясардан мынандай бір хадис

риуаят етеді:

Әбу Һұрайра ибн Аббас пен Абдуррахман ибн Ауфтың

ұлы Әбу Сәләмә, күйеуі дүниеден өтер кезінде босанған

әйелдің ғиддет жағдайын тартысып жатқан еді. Ибн

Аббас екі ғиддет мерзімінен ұзағырақ, яғни төрт ай 10 күн

ғиддет күту керектігін, Әбу Сәләмә болса босанған күннен

бастап иддеттің де бітетіндігін айтты. Әбу Һұрайра да Әбу

Сәләмәмен бірдей көзқараста екендігін айтқанда, мәселенің

128. Хаким, Марифә 65 б.

129. Дарими, Муқаддимә 48.

130. Ибн Абдилбәрр, а.а.ә. 562.

131. Бұхари, Хаж, 34; Нәсай, Мәнасик 49; Бәйхақи, а.а.ә. Ү, 22, 2357; Әбу Яғла,

а.а.ә. І, 342.