43
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
хадиспен келіспейтінін білдіргенде Әбу Сайд: «Уаллаһи,
сенімен бір шатырдың астында бола алмаймыз!» деді».
Шафи Расулуллаһтан алған хадистің қабылдамағанына
Әбу Сайдтың ызасы келгенін білдірген.
121
Бұхари мен Мүслимнің риуаятына қарағанда хазірет
Омар, хазірет Пайғамбардың: «Әйелдердің түнде мешітке
баруына бөгет болмаңдар» деп бұйрғанын айтты. Сонда
ибн Омардың ұлдарының біреуі, «Егер оларға бөгет
болмасақ мешітті бүліктің ұясына айналдырады» деп
қарсылық білдіргенде ибн Омар көкірегін қағып «мен саған
Расулуллаһтың сөзін айтып тұрмын; сен маған әлі де өзіңнің
білетініңді оқып тұрсың!» деп оны кінәлады.
122
ТағыдаБұхарименМүслимніңАбдуллаһибнБүрейдеден
риуаят еткен басқа бір хадисінде:
АбдуллаһибнМуғаффәлтаслақтырыпжатқанбірадамды
көрді де Расулуллаһтың бұған тыйым салғанын, сондай-ақ
мұныңне аң аулауға не дұшпандыжаралауғажарамайтынын,
тек қана тіс сындырып көз шығаратынын айтып тас
лақтыруына бөгет болды. Алайда сол адамның тағы да тас
лақтырып жүргенін көргенде, «Мен саған Расулуллаһтың
хадисін айттым, сен болсаң әлі де тас лақтырып жүрсің!
Уаллаһи, бұдан былай сенімен сөйлеспеймін!» деді.
123
Бұхари мен Мүслимнің Сахих кітаптарында Имран ибн
Хұсайынның мына хадисі риуаят етіледі:
Расулуллаһ (с.а.у.)
«Ұят, толығымен қайырлы»
деген.
Бүшәйр ибн Қағб, «Біз кітапта үнсіздік, салмақтылық
121. Шафи, а.а.е. 447 б.
122. Бұхари, Жұма 13; Мүслим, Салат 138; Әбу Дәуіт, Салат 52; Тирмизи,
Салат 400; ибн Мәжә, Муқаддимә 2; Дарими, Муқаддимә 40; Ахмет ибн
Ханбал ІІ, 140; ибн Хузәйме, Сахих ІІІ, 93; Хаким, Марифе 182 б; Бәйхақи,
Сүнән ІІІ, 132.
123. Бұхари, Зәбайһ 5; Мүслим, Сайд 45; Нәсай, Қасамә 40; ибн Мәжә,
Муқаддимә 2; Дарими, Муқаддимә 40; Ахмет ибн Ханбал Ү, 6, 56, 57;
Бәйхақи, а.а.ә. ІХ, 248.