45
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
оған өз қолымен иіс су жаққандығын айтқан. Расулуллаһтың
сүннеті орындауға ең лайықты».
126
Шафи осы риуаятқа байланысты Салимнің, халифа
болған атасы хазірет Омардың сөзін, халифа болып
тұрған кездің өзінде бір жаққа ысырып қойып хазірет
Айшаның хабар берген Расулуллаһтың сүннетімен амал
еткендігін, сахаба мен табиғуннан із болып қалған осындай
мұқияттылықты, өзінің дәуіріне дейін сақтағандығын,
сүннетпен жүргендердің мақтан тұтылып, жүрмегендерді
масқаракүйгетүскендігінбілдіріп, бұлжолданшыққандарды
әрі сахабалар мен одан кейін келгендердің ізінен адасқан
надандар екендігін айтқан.
127
Осы жерге дейін айтылған сөз бен хадистерге сүйенген
дәлелдер және кейбір пайдалы мәліметтер Бәйхақидің әл-
Мәдхал атты еңбегінде айтылса да негізінде ИмамШафиден
алынған. Шафи өзінің өмір сүрген ғасырында хадистерді
қабылдамайтын рафизи және діннен шыққандармен
тартысуға мәжбүр қалғанда, осы тақырыпқа байланысты
ауқымды да кең мәліметтер берген.
Бәйхақидің кітабының әр түрлі жерлерінде айтып өткен
басқа да риуаяттар бар. Мұнда оларды айтып өткеннен кейін
Бәйхақи мен Шафидің еңбектерінде болмаған риуаяттарды
келтіремін.
Әюб әс-Сахтиянидің
сүннет жайлы көзқарасы
Әюб әс-Сахтияни (ө. 131/748) былай деген:
«Бір адамға сүннет жайлы айтқанда, «сүннетті қоя тұр,
бізге Құран жайлы айт» десе, ол адамның адасқандығын
126. Нәсай, Хаж 41; Хүмәйди, а.а.ә. І, 105; ибн Һүзәймә, а.а.ә. ІҮ, 303; Бәйхақи,
а.а.ә. Ү, 135-136; ибн Абдилбәрр, Жамиғ 571-572; Хатиб, әл-Фақиһ І, 276;
Шафи, әл-Умм ІІ, 151.
127. Шафи, а.а.ә. ҮІІ, 215-216.