42
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мүслимнің риуаят еткеніне қарағанда ибн Омар былай
деген: «Біз егіндіктерді белгілі бір бөлігін алатын болып
жалға беретінбіз. Мұны дұрыс деп ойлайтынбыз. Бірақ
Рафи, Расулуллаһтың (с.а.у.) бұл нәрсеге тыйым салғанын
айтқанда бастарттық».
117
ШафиибнОмардыңосыхадисті естімейтұрып, белгілі бір
бөлігін алатын болып жерді жалға беруді дұрыс деп ойлап,
кейіннен сенімді бір адамнан Расулуллаһтың мұндай іске
тыйым салғанын білгенде одан бастартқанын білдірген.
118
Ата ибн Ясардан риуаят етілгеніне қарағанда, Муғауия
ибн Әби Суфян алтын немесе күмістен жасалған су
құйятын ыдысын, салмағынан артық ақшаға сатқанда Әбу
Дәрда, Муғауияға өз салмағынан артық сатуға Расулуллаһ
тыйым салғанын есіне салды. Муғауия онда тұрған не бар
деп айтқанда Әбу Дәрда: «Мен оған Расулулаһтың хадисін
айтып тұрмын, ол болса өзінің көзқарасын айтып жатыр!
Бұдан былай сенімен бір жерде отырмаймын!» деді.
119
Шафи осы оқиғаға байланысты былай деп тұжырым
жасайды:
«Әбу Дәрда Муғауияға дәлел ретінде хадис айтып тұрса
да Муғауияның сенімді сахабаның сөзіне мән бермеуін
үлкен ағаттық деп қабылдағандықтан оның отырған жерінде
отырмаймын деп шешім қабылдаған».
120
Шафи осы тақырыпқа байланысты мына бір ұқсас
оқиғаны келтіреді:
«Әбу Сайд әл-Худри бір адаммен кездесіп, оған
Расулуллаһтың (с.а.у.) бір хадисін айтып берді. Әлгі адам
117. Мүслим, Бую 99; Әбу Дәуіт, Бую 31; Нәсай, Музара 2; ибн Мәжә, Руһун,
7; Дарими, Бүю, 72; Ахмет ибн Ханбал, І, 234; ІІ, 11; ІІІ, 312; ІҮ, 142; Та-
барани, а.а.е, ІҮ, 285-286; Бәйхақи, Сүнән, ҮІ, 128; Хүмәйди, а.а.ә. І, 198;
Шафи, әр-Рисалә, 445 б.
118. Шафи, а.а.ә. 445 б.
119. Бәйхақи, Сүнән, Ү, 280; Ибн Абдилбәрр, а.а.ә. 570 б; Шаифй, а.а.ә. 446 б.
120. Шафи, а.а.ә. 446-447 б.