Previous Page  37 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 110 Next Page
Page Background

37

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қарағандабіркемпір, өзінеберілетінмирастыңмөлшерінбілу

үшін хазірет Әбу Бәкірге келді. Хазірет Әбу Бәкір «Құранда

сенің мәселеңе байланысты бір аят жоқ; Расулуллаһтың

сүннетінде бар деп ойламаймын. Сен қазірше бара тұр, мен

сахабалардан мұны сұрап білейін» деп әлгі кемпірді кері

қайтарды. Содан кейін хазірет Әбу Бәкір сахабалардың

ортасына осы мәселені тапсырғанда Мұғира ибн Шуғбә,

Расулуллаһтың мұндай әйелге алтыдан бір мирас бергеніне

куә болғанын айтты. Бұл сөздің ақиқатына көз жеткізбек

болған хазіретӘбуБәкір,Мұғираға осығанкуә болатын адам

бар ма деп сұрады. Ол жерде отырғандардың бірі Мұхаммед

ибн Мәсләмә әл-Ансари (ө. 40/660 дан кейін) деген сахаба

орнынан тұрып Мұғираның сөзін растағанда хазірет Әбу

Бәкір Мұғираның риуаятына қарай әлгі кемпірге мирас

алуына үкім берді.

99

Ибнул-Мүсайябтан (ө. 93/712) риуаят етілгеніне қара-

ғанда хазірет Омар малдың әке жағынан туысқандарына

берілетінін, осыған байланысты жұбайы, күйеуінің малына

мирасқор болмайтынын айтты. Алайда Даххақ ибн Суфян,

Расулуллаһтың өзіне жазған хатында Үшәйм ибн Даббаб

әйеліне күйеуінің малынан мирастан үлес бөлуін жазғанын

айтқанда хазірет Омар, алдынғы көзқарасынан бас тартып

Расулуллаһтан көргенін істеген.

100

Таус мына риуаятты жеткізген:

Хазірет Омар сахабалардан тастанды бала жайында

Расулуллаһтан бір нәрсе естіп-етімегендігі жайлы сұрады.

Хамәл ибн Малик ибн ән-Набиға орнынан тұрып мына

99.

Әбу Дәуіт, Фәрайз 5; Тирмизи, Фәрайз 10; ибн Мәжә, Фәрайз 4; Малик

ІІІ, 111; Дарими, Фәрайз 18; Ахмет ибн Ханбал ІҮ, 225; Абдуррәззақ, әл-

Мүсаннәл Х, 274; Бәйхақи, а.а.ә. ҮІ, 234.

100. Шафи, әр-Рисалә, 426; әл-Умм ҮІ, 88; Әбу Дәуіт, Фәрайыз 18; Тирмизи,

Дият 19; ибн Мәжә, Дият 12; Дарими, Дият 20; Малик ІҮ, 194-195; Ахмет

ибн Ханбал ІІІ, 453; Дарәқутни а.а.ә. Ү, 77; Абдуррәззақ, а.а.ә. ІХ, 397-398;

Бәйхақи, а.а.ә. ҮІІІ, 57-58.