36
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бәйхақи, Таустан Расулуллаһтың (с.а.у.) мына сөзін риуаят
еткен:
«Аллаһтың кітабында адал қылынғаннан басқаны адал,
арам қылынғаннан басқаны арам қылмаймын».
96
Шафи осы хадисті мұнқатиғ екенін айтқаннан кейін
былай дейді:
«Расулуллаһтың осылай істеуін және де өзіне келген
уахиге мойынсұнуы әмір етілген. Ол солай істеді. Уахи
келмеген мәселелерде хазірет Пайғамбардың сүннетімен
жүрудің парыз екендігіне куәлік береміз. Оның сүннетін
қабыл етуді мына аяттан үйренеміз;
97
«Сендерге
Пайғамбар не берсе алыңдар да не нәрседен тыйса, одан
тыйылыңдар»
.
98
Бәйхақи жоғарыда Табустан алынған риуаятты сахих
деп қабылдағанымен, ол жерде айтылған «кітап» сөзімен
хазірет Пайғамбарға түсірілген уахиді меңзеп тұрғанын
айтады. Ал бұл уахидың «оқылатын уахи және оқылмайтын
уахи» деп екі түрге бөлінетіндігін білдірген. Шафидің
сүннетпен жүруге байланысты жоғарыда дәлел ретінде
келтірген аятты, ибн Мәсғуд «наколка жасаған әрі жасатқан
әйелдерге Аллаһтың лағнет айтатыны» жайлы бір оқиғада
дәлел ретінде келтірген.
Төрт халифа мен сахабалардың
сүннетке көрсеткен ілтипаты
Бәйхақи «төрт Халифа мен өзге сахабалардың хазірет
Пайғамбардың хадистерінен пайдаланғандығы жөнінде»
деген тақырыпта мына бір риуаяттарды жеткізген:
Қабиса ибн Зүәйбден (ө. 80/699) риуаят етілгеніне
96.
Бәйхақи, а.а.ә. ҮІІ, 75; Шафи, әл-Умм ҮІІ, 288; Һәйсәми, а.а.ә. І, 171.
97.
Шафи, Жимаул-илим 82-84 б.
98.
Хашыр сүресі, 7-аят.