Previous Page  29 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 110 Next Page
Page Background

29

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

сәйкеспейтіндер менің сөзім емес».

70

Шафи хазірет Пайғамбардан риуаят етілген деп

айтылатын осы сөздің, кез келген тақырыпта хадисіне сенім

артатын рауи тарапынан риуаят етілмегендігін, оның үстіне

сәнадында белгісіз бір рауи бар мұндай мұнқатиғ (сәнады

толық емес) бір риуаяттың ешқандай тақырыпта дәлел

болмайтынын айтқан.

71

Бәйхақидің айтуынша Шафи осы

сөзімен, Халид ибн Әби Кәримәнің Әбу Жағфардан, оның

да Расулуллаһтан риуаят еткен мына хабарына ишара

жасаған:

Расулуллаһ (с.а.у.) Яһудилерді шақырып алып, олардан

кейбір нәрселерді сұрады. Олар хазірет Иса жайлы алып-

қашты негізсіз кейбір нәрселерді айтып берді. Сосын

Расулуллаһ мінбеге шықты да

«Мен айтты деген хадистер

көбейіп кеңге жайылатын болады. Олардың ішінде Құранға

сәйкес келетіндері менің сөзім, оған қайшы келетіндер болса,

менікі емес»

,

72

депті.

Бәйхақи осы риуаяттың сәнадын (жету жолын) тексеріп

бір жағынан Халидтің белгісіз бір рауи екенін, енді бір

жағынан рауи Әбу Жағфардың сахаба еместігін, сондықтан

да риуаяттың мұнқатиғ екендігін білдірген.

73

Шафи хадистің Құранға қайшы келмейтінін, алайда

хадистердің ғұмум-хусус пен насих-мәнсухжөніненҚұранға

түсініктеме беретінін білдіріп, хадистерді мойындауды

Аллаһтың парыз қылғанын, сондықтан да Расулуллаһтың

сүннетін орындаудың Аллаһтың бұйрығына мойынсұну

мағынасына келетінін айтқан.

74

Бәйхақи сүннеттің қабыл етілуі үшін алдымен Құранға

70.

Шафи, а.а.ә. 224 б.

71.

Шафи, а.а.ә. 225 б.

72.

Һәйсами, Мәжмауз-зәуайд І, 170.

73.

Бәйхақи, Марифәтус-Сүнән І, 118, ХІІІ, 153.

74.

Бәйхақи, а.а.ә. І, 118.