Previous Page  25 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 110 Next Page
Page Background

25

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

келетін бір мысал бар, соны айтып беріңдерші қане», деді.

Алайда бағзылары тағы да «Ол ұйықтап жатыр», кейбірі

«жоқ. Оның көзі ұйқыда, бірақ жүрегі ояу» деді. Сосын

періштелер, «Бұл адам, жаңадан салған үйінің құрметі үшін

адамдарға арнайы дастарқан жайғызып адамдарды тамаққа

шақыртушы жіберген адам сияқты. Мұның шақырғанына

келгендер, сол үйге кіреді де дастарқаннан дәм татады. Ал

шақырғанына келмегендер болса, үйге де кіре алмайды,

дәмге ауыз тигізбейді» деді. Кейіннен періштелер, хазірет

Пайғамбардан осы мысалдың түсіндірмесін алғылары келді.

Бірақ тағы да кейбіреулері, «Ол ұйықтап жатыр» кейбірі,

«Көзі ұйқыда, бірақ жүрегі ояу» деді. Ақыры періштелер, өз

араларында сол мысалдарын былай деп түсіндірді:

«Мұндағы үй, жұмақ. Шақырушы, хазірет Мұхаммед

(с.а.у.). Кімде-кім хазіретМұхаммедке мойынсұнса, Аллаһқа

мойынсұнғанболады; алкімде-кімоғанқарсыкелсе, Аллаһқа

қарсы келген болады. Осылайша хазірет Мұхаммедке (с.а.у.)

мойынсұну мен қарсы келу мәселесі өте маңызды жайтқа

жатады».

56

Бұхаридың Әбу Һұрайрадан риуаят еткен басқа

бір хадисте Расулуллаһ (с.а.у.) «Тоң мойындықпен

қасарысқандардан басқа, үмбетімнің барлығы жұмаққа

кіреді» дегенде сахабалар, «Қасарысатындар кімдер?» деп

сұрады. Сонда хазірет Пайғамбар; «Маған мойынсұнғандар

жұмаққа кіреді; маған қарсы келгендер жұмаққа кірмеу үшін

қарсылық білдіріп тұрып алғандай болады» деді.

57

Шафи Расулуллаһқа мойынсұнып, құрмет көрсету

қажеттігі тұрғысында мына быр аятты еске салады:

«Пайғамбардың шақыруын өзара бір-біріңді шақыруға

ұқсатпаңдар! Рас Аллаһ, сендерден ептеп, далдаланып

шығып кететіндерді біледі. Сондықтан оның әміріне

56.

Бұхари, Иғтисам 2; Тирмизи, Әмсал 1; Бәйхақи, Дәлаил І, 370-371.

57.

Бұхари, Иғтисам 2; Ахмет ибн Ханбал ІІ, 361; Хаким, а.а.ә. І, 55.