Previous Page  20 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 110 Next Page
Page Background

20

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ал енді біреулер Аллаһ Елшісі Құранда негізі айтылмаған

мәсәлелерде ешқандай сүннет қоймаған деген. Негізі бар

мәселелерде яғни намаздың рәкағаттарының саны, оқылу

үлгісі мен сауда-саттыққа байланысты жайттарда сүннетпен

түсініктеме берілген. Мәселен, Аллаһ Тағала

«Ей, иман

келтіргендер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер.

Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу басқа»

34

және

«Негізінде Аллаһ сауданы адал, өсімді арам еткен»

35

деген,

намаздағы сияқты осы аяттарда негізі бар адал мен арамның

не нәрсені меңзеп тұрғанын Расулуллаһ (с.а.у.) түсіндіріп

өткен. Кейбіреулердің айтуынша Расулуллаһ, Аллаһтың

Елшісі. Сондықтан елші болған Расулуллаһтың қойған

сүннеті, елшісі болған Аллаһтың өзіне жүктеген міндеттің

нәтижесі болады. Бұл мәселедегі тағы бір көзқарас, хазірет

пайғамбардың белгілеп берген әрбір үкім, шын мәнінде

оның жүрегіне енгізілген хикмет болып саналады.

36

Расулуллаһтың үкім қоюқұқығы

Хазірет Омар (р.а.) бір хұтбасында мүміндерге былай

дейді:

«Ей, иман келтіргендер! Бір мәселе жайында бір ғана

Расулуллаһтың көзқарасы дөп түседі. Өйткені оның

көзқарасын дөп түсіруші АллаһТағала. Біздің көзқарасымыз

жәй жорамал ғана».

37

Шағби (ө.104/722) Расулуллаһ (с.а.у.) бір үкім бергеннен

кейін осы үкімге қайшы келетін бір аят түскенінде, аяттың

үкімін қабыл етіп, өзінің аяттан бұрын берген үкімін

34.

Ниса сүресі, 29-аят.

35.

Бақара сүресі, 275-аят.

36.

Шафи, әр-Рисалә, 91-93 б.

37.

Бәйхақи, Сүнән Х, 117; әл-Мәдхал 189 б; ибн Абдилбәрр, Жамиғ 476 б..