Previous Page  17 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 110 Next Page
Page Background

17

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

хауызға келгенге дейін бір-бірінен еш ажырамайды».

25

Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілгеніне қарағанда,

Расулуллаһ (с.а.у.) «Қоштасу» қажылығындағы хұтбасында

былай деген:

«Сендерге

одан

мықтап

ұстансаңдар

ешқашан

адаспайтын екі нәрсе қалдырдым: Аллаһтың кітабы мен

менің сүннетім».

26

Осыған ұқсас бір хадис Уруәдан (ө. 94/713) риуаят

етілген:

«Сендерге егер одан бекем ұстасаңдар ешқашан

адаспайтын нәрсе қалдырдым: Аллаһтың кітабы мен

нәбилеріңнің сүннеті... Сендер айтқандарымды жақсылап

тыңдаңдар да, сол бойынша өмір сүріңдер».

27

Ибн Уәһб (ө. 197/812) Мәлік ибн Әнәстің (ө. 179/795)

былай деп айтқандығын риуаят етеді:

«Расулуллаһтың «Қоштасу» қажылығында айтқан мына

сөзді есіңнен шығарушы болма:

«Сендерге қалдырған мына екі нәрсеге бекем болсаңдар,

ешқашан тура жолдан адаспайсыңдар: Аллаһтың кітабы мен

елшісінің сүннеті...»

28

Бұл тақырыптағы Ирбад ибн Сарияның (р.а.) риуаяты

былайша: «Расулуллаһ (с.а.у.) бір күні бізге намаз оқыт-

қаннан кейін, өте әсерлі бір уағыз айтты. Әсер еткені

соншалық жүрегімізді қорқыныш билеп, жыладық.

Жамағаттың арасынан біреу «Ей, Аллаһтың Елшісі!

Қоштасып тұрғандай уағыз айтып тұрсыз ғой; соңғы рет

бізге қандай өсиет айтасыз?» деп сұрағанда Расулуллаһ:

«Сендерге Аллаһтан қорқуды әрі басшыларың қара жүзімнің

25.

Бәйхақи, Сүнән Х, 114; Хаким, а.а.ә. І, 93.

26.

Бәйхақи, а.а.ә. Х, 114; Хаким, а.а.ә. І, 93.

27.

Осы сөздермен және осы жолмен хадистің негізі табылмады. (аударма-

шы).

28.

Осы мағынадағы риуаят үшін қараңыз. Мәлік ІҮ, 246.