Previous Page  14 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 110 Next Page
Page Background

14

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

– Жарайды, сен Құранда құптан намазының төрт,

шам намазының үш, таң намазының екі, бесін мен екінді

намаздарының төрт рәкағат екендігін көрдің бе?

– Жоқ.

– Олай болса сен бұларды кімнен үйрендің? Біздің

Расулуллаһтан (с.а.у.) үйренген мәселелерімізді, сендер

бізден үйренбедіңдер ме? Тағы бір айта кетерлік мәселе,

сендер Құранда «Әр 40 қойдың біреуін, түйеден қаншасы

зекет ретінде беріледі. Мұнша ақшаның зекеті мынандай

болады» деп жазылып қойғанын көрдің бе?

– Жоқ, көрмедім.

– Жарайды, біздің Расулуллаһтан (с.а.у.) үйренген осы

мәселелерді сендер де бізден үйренбедіңдер ме? Құранда

«Бәйтул-атыки/Қағбаны тауаф етіңдер»

17

деп бұйрық

беріледі. Бірақ «Қағбаны жеті рет тауаф етіп Мақамы

Махмудтың арасында екі рәкағат намаз оқыңдар» деген

әмірді көрдің бе? Әлде зекет жинайтын қызметкер, зекеті

берілетін малдарды алдына алып келмейтіні сияқты малдың

иесінің де малдарын зекет жинайтын қызметкерден алып

қаша алмайтыны; сонымен қатар Исламда айырбас арқылы

мәһір бермей үйленуге болмайтынын Құранда жазылғанын

көрдің бе? Аллаһтың Құранда

«Сендерге Пайғамбар не

берсе алыңдар да не нәрседен тыйса, одан тыйылыңдар»

,

18

деп бұйырғанын естімедің бе?

Оған келіспейтінін айтқан адамға осылай тойтарыс

берген Имран, «Әне көрдің бе, біздің Расулуллаһтан

үйренген кейбір нәрселерден сендердің хабарларың жоқ»

деп сөзін тамамдады.

19

«Хадисті Құранға салып көру» мәселесіне байланысты

17.

Хаж сүресі, 29-аят

18.

Хашыр сүресі, 7-аят.

19.

Бәйхақи, Дәлаил І, 25-26; Осыған ұқсас риуаят үшін қараңыз: Хаким,

а.а.ә. І, 109-110 б.