12
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бәйхақидің көзқарасы бойынша
сүннеттің дәлел болуы
Бәйхақидің (ө. 458/1066) көзқарасы бойынша, егер
сүннет дінде дәлел болмағанда, Расулуллаһ (с.а.у.) бір
хұтпасында сахабаларына кейбір мәліметтерді бергеннен
соң, «Дәл қазір мұнда тұрғандар, бұл жерге келмегендерге
жеткізсін. Өйткені ол адамдар, мұнда айтылғандарды
бұл жердегілерден әлдеқайда жетік түсунуілері мүмкін»
деп айтпаған болар еді. Бәйхақи осы жайтқа байланысты
мутауатыр дәрежесіне жеткен мына бір хадисті айтып
өтеді: «Сөзімді есітіп, жақсылап сақтап алып сол қалпында
өзгелерге жеткізген адамның Аллаһ жүзіне жарқын нұр
нәсіп етсін. Бәлкім ол адам, жеткізген адамнан да алғыр әрі
зерек болар».
12
Шафи былай дейді:
«Расулуллаһ адамдарды, хадистерін тыңдауға, жаттауға
әрі өзгелерге жеткізуге ынталандыруы, адал және арам
амалдарды, кінәлілерге қолданылатын жазалар, сауда-
саттық айналымында жүрген заттар, діннің өмірлік мәніне
байланысты айтылған хадистердің, адамның салауатты
өмір сүруіне ықпалын тигізетін бірден-бір дәлел екенін
көрсетеді».
13
Бізге Құран ғана жеткілікті деу
надандық
Бәйхақи осы мәселелерге байланысты мына төмендегі
хадистерді келтіреді:
Убайдуллаһ ибнӘби Рафи, әкесінің Расулулаһтан (с.а.у.)
12.
Бәйхақи, Дәлаил І, 23.
13.
Шафи, а.а.ә. 402-403.