11
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
келтірген болсаңдар. Міне осы қайырлы да нәтижеде
жақсы»
.
7
Ол мұнда тағы да ғалымдардың сөздеріне жүгіне
отырып аяттағы «өздеріңнен болған әмір иелеріне» деген
сөзін «хазірет Пайғамбар тарапынан жіберілген кішігірім
әскери топтың басшысы» деп жорамалдайды.
8
Осыған
орай Имам Шафи, жоғарыдағы аяттың қалған бөлігін
«(жауынгерлер) сендер, егер (әміршілеріңмен) бір мәселеде
келісе алмай қалсаңдар, оны Аллаһқа және Елшісіне ұсы-
ныңдар» деп тәпсірлейді.
Аллаһ Тағала Елшісіне мойынсұну, әсілінде Өзіне
мойынсұну деген мағынаға келетінін құлдарының есіне
салып былай деген:
«Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені
төреші қылып, сонсоң берген билігіңнен көңілдері жай
таппай толық бой ұсынбайынша мүмін бола алмайды»
.
9
«Пайғамбардың шақыруын өзара бір-біріңді шақыруға
ұқсатпаңдар! Рас Аллаһ, сендерден ептеп, далдаланып
шығып кететіндерді біледі. Сондықтан оның әміріне
қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жан
түршігерлік азап келуінен сақтансын»
.
10
«Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да не нәрседен
тыйса, одан тыйылыңдар»
.
11
Жоғарыда айтылған аяттардан басқа, Расулуллаһтың
әмірін орындау және оған мойынсұнудың қажет екенін
білдіретін аяттар да бар. Сондықтан Расулуллаһқа
мойынсұну Аллаһ Тағала тарапынан парыз етілгенін ешкім
де жоққа шығара алмайды.
7.
Ниса сүресі, 159-аят.
8.
Шафи, а.а.ә. 78 б.
9.
Ниса сүресі, 65-аят.
10.
Нұр сүресі, 63-аят.
11.
Хашыр сүресі, 7-аят.