8
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Әбу Абдуллаһ! Сенің бұған көзқарасың қалай?» деп
сұрағанда, Шафидің түрі бұзылып, ашулы кейіппен әлгі
адамға «Сен мені Христиан деп ойлап тұрмысың? Әлде сен
менің шіркеуден шыққанымды яки беліме зүннар
2
тағып
жүргенімді көрдің бе? Расулуллаһтың хадисі тұрғанда,
менің көзқарасымның қандай маңызы бар» деп қарсылық
білдіреді.
Діннен безгендер мен кейбір шектен шығушылардың
алға тартып жүрген негізсіз ойлары қысқаша айтқанда
төмендегідей:
Дінде сүннетті дәлел ретінде қолдануға болмайды; бір
ғана дәлел бар ол – Құран.
Осы көзқарасты ұстанатындардың бір бөлігі негізінде
хазірет Алиге (р.а.) берілуге тиісті пайғамбарлықтың, уахи
әкелетін Жәбірейіл періште қателесіп хазірет Мұхаммедке
берілгендігін
айтса,
енді
біреулері
пайғамбарлық
Мұхаммедке (с.а.у.) берілгендігін мойындағанымен, ол
дүниеден өткеннен кейін алғашқы халифалық хазірет
Алиге берілу керек еді, сахабалар хазірет Әбу Бәкірді
халифа етіп тағайындап үлкен ағаттыққа жол берген, деп
осы істері үшін сахабаларды кәпір деп кінәлайды. Тіпті
сол малғұн нәсіпсіздер, одан сайын шектен шығып, ақысын
біреуге беріп өз орнын ала алмағандықтан хазірет Алиді де
кәпір деген. Міне осындай себептерге байланысты «кәпір»
деп есептейтін топтың яғни сахабалардың риуаят еткен
хадистерін алмайды.
Шынтуайтына келгендемұсылмандардың ғасырларбойы
бәлесі жұғады деп жақындамай жүрген осындай пікірлерді
қайтадан қозғауды жөн санамаймын. Алайда олардың
қолмен түртсе құлайтын дуал сияқты ойларын дәлелдеулері
мені осындай іске баруыма итермеледі.
2.
Христиандардың белдеріне байлап алатын символдық белбеу (аударма-
шыдан).