СУЮТИ
Толық аты-жөні, Абдуррахман ибн Кәмал ибн Әбу Бәкір.
«Жәлаледдин әс-Суюти» деген атпен танымал. 1445 (һ. 849) жылы
Каһирада дүниеге келген.
Өз дәуірінің Шам, Хижаз, Йемен, Үндістан мен Мағриб сияқты
білім орталықтарын аралап, әсіресе тәпсір, хадис, фиқһ пен араб тілі
білімдерін жетік меңгерген. Өмірі бойынша оқып, оқытып, артын-
да көптеген еңбектер қалдырған. Қартайған шағында, ғибадатқа
беріліп әрі жинақтау тасниф жұмыстарымен айналысты. Өзінің
жетік білетін салалары бойынша үлкенді-кішілі көптеген еңбектер
жарыққа шығарды. «Жәләләйін Тәпсірі» деп танылған еңбектің
екі жазушысының біреуі. «әд-Дүррул-мәнсур», «әл-Иткан» және
«Тарихул-хуләфа» атақты еңбектерінің бірнешеуі ғана. Мұсылман
ғалымына жарасымды көркем мінез бен салмақтылық сияқты асыл
қасиеттерді бойына жинаған Суюти, 1505 (Һ. 911) жылы Қаһирада
дүние салды.