6
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Иылдырымның аударғаны «Сүннеттің Исламдағы орны» деген
атпен 1992 және 1996 жылдары тағы да Стамбулда басылып
шыққан.
Хадис пен сүннет мәселесінің талас тудырып тұрған мына
қарбалас заманда, Суютидің аталмыш кітабы, ең алдымен
түсінікті тілде оқырман қауымға хадис пен сүннет жайлы
дұрыс ұғым қалыптастыруға көмектеседі. Осы мақсатта қолға
алынған кітаптың тексеруден өтіп, дұрыс деп танылған бір
нұсқаның 1347/1928 жылы басылған түрі мен әрі 1401/1982
жылы Мадинада қағазға басылып шыққан нұсқасын негізге
алдық. Бір айта кетерлігі, осы нұсқада көрсетілген аят, хадис,
еңбектер мен сөздердің қайдан алынғандығына сілтеме
жасалмаған екен. Біз осыолқылықтың орнын толтырып, қайдан
алынғандығын көрсетуге тырыстық. Таба алмағандарымызды
да белгілеп бердік. Аяттардың нөмерін, аты мен сүрелердің
реттік сандарын да көрсеттік. Аты қойылмаған кейбір
тақарыпшаларды мазмұнына қарап, тақырыбын қойдық. Араб
тілінде жарық көрген аталмыш нұсқада баспа тарапынан
кеткен қателіктерге түзету жұмыстарын жүргіздік. Түзеткен
жерлерімізге аудармашының сілтемесі деп көрсеттік. Кейбір
жерлерде адамның аты мен жердің есімдеріне толықтырулар
мен түсініктемелер бердік. Кітапта кейбір атақты тұлғалардың
дүние салған жылдарын тапқандарымызды һижри/милади
түрінде көрсетуге тырыстық.
Аудармамыздың басында қысқаша түрде Суютидің өмір-
баянын, кітаптың соңында аталмыш кітапты өңдеу барысында
пайдаланылған әдебиеттер тізімін беруді жөн санадық.
Еңбегіміздің пайдалы болуынан үміт етіп, осындай
еңбектердің бұдан кейін де жалғасын таба беруін Жаратушы
Аллаһтан тілеймін!
Доцент. док.
Емин Ашыккутлу
Қараша 2003 ж.