4
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аудармашының алғы сөзі
Хазірет Пайғамбар дүние салғаннан кейін өте қысқа мерзім
ішінде, сүннеттің сапасы, рөлі мен маңызына байланысты
талас-тартыстар туындап, қазіргі күнімізге дейін жалғасын
тауып келеді. Тартысып келе жатқан ағымдарға жеке-жеке
тоқталмай, жалпылама топ ретінде қарайтын болсақ, тартыстың
бір жағына сүннетті дәлел ретінде қабылдайтындар, екінші
жағына қабылдамайтындарды қоюға болады.
Жалпы айтқанда сүннетті діннің Құраннан кейінгі екінші
қайнар көзі ретінде қабылдаған Ислам ғалымдары, сүннетті
түп тамырымен жоққа шығарып яки хадистің сапасы толық
сақталмаған деген сияқты сөздерге қарсы күресіп, сөз жүзінде
кейде жазулы түрде де тойтарыс беріп отырған. Көбінесе
жазулы түрде қарсылық берілген еңбектер, Исламның жазба
тарихының ішінде ертеректе «Китабус-сүннә», «Китабул-
иғтисам», «Китабул-иман» деген сияқты аттармен кейбір
негізгі хадис кітаптарында бір бөлім түрінде орын алған немесе
жеке еңбек ретінде жазылған. Мәселенің теориялық тартысы,
хадис, фиқһ әрі кәлам ғылымдарына байланысты жазылған
әдістемелік кітаптарының шеңберінде өрбіген.
Міне хадистің сапасы, рөлі мен дәлел ретінде
қолданылатындығы яки толығымен (хадисті дәлел ретінде)
қабылдамайтындарға қарсы жүргізілген жазба түріндегі
еңбектердің ішіндегі маңыздыларының бірі ретінде Х/
ХҮІ ғасырдағы Ислам ғалымдарының бірі Суютидің (ө.
911/1505) «Мифтахул-жәннә фил-ихтижаж бис-сүннә»
деген еңбегін айтуға болады. Ауқымды түрде жазылған бұл
еңбектің осы тақырыптарға байланысты қалам тартылған
кітаптардан маңызды ерекшелігі, алғашқы ғасырлардан бастап
Ислами еңбектерде орын алған сүннеттің дәлел болуына
байланысты келтірілген аят пен хадистермен бірге хадис,
фиқһ, кәлам және сопылық сияқты әр түрлі білім шеңберінде
кең тараған көзқарастарды жинақтандығында жатыр. Осы