10
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ИмамШафидің
Сүннет жайлы көзқарасы
Имам Шафи (ө. 204/819) «әр-Рисала» атты еңбегінде
былай деген:
«Аллаһ дінін жеткізуші етіп елшісін жіберіп, оған
мойынсұнуды парыз, қарсы шығуды харам еткен. Бір
жағынан,
«Аллаһқа және елшісіне иман келтіріңдер»
3
және
«Мүміндер тек қана Аллаһқа және Елшісіне иман
келтіреді»
4
деп, өзіне иман келтіруден кейін Елшісіне иман
келтіруді айтып, өз алдындағы оның мәртебесін білдірген.
Осылайша діннің негізі болып есептелетін иманның әу
бастағы кемелдігін, алдымен Аллаһқа, артынан елшісіне
итағат ету керек деген шартпен бекіткен».
5
Шафи дәл осы еңбегінің басқа бір жерінде Аллаһтың
уахиі болып есептелетінҚұранға, елшісінің қойған сүннетіне
мойынсұнудың парыз екендігін білдіріп, мына аяттарды
дәлел ретінде келтірген:
«Расында Аллаһ Тағала мүміндерге қамқорлық етіп,
олардың ішіне өздерінен, оларға Аллаһтың аятын оқитын,
оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін
Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді»
.
6
Осы аяттағы «хикмет» сөзінің, атақты Құран ғұлама-
ларының «Расулуллаһтың сүннеті» деп жорамалдаған-
дығын айтқан Шафи, мына аятты еске түсіреді:
«Ей,
мүміндер! Аллаһқа мойынсұнып, Пайғамбарға және
өздеріңнен болған әмір иелеріне бойсұныңдар. Сонда егер
бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарына
ұсыныңдар. Егер сендер Аллаһқа, ақырет күніне иман
3.
Ағраф сүресі, 158-аят; Тәғабунсүресі, 7-аят.
4.
Нұр сүресі, 62-аят.
5.
Шафи, а.а.ә. (аты аталған әдебиет) 73-75 б.
6.
Әли-Имран сүресі, 164-аят.