Previous Page  15 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 110 Next Page
Page Background

15

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

риуаят етілген хабардың сахих еместігін, өйткені бұған

байланысты ешқандай белгінің Құранда кездеспейтіндігін

айтқан

20

Бәйхақи, «Дәлаилун-нубууә» атты еңбегінің алғы

сөзі болып есептелетін «әл-Мәдхалус-сағир»-інде, сүннеттің

маңыздылығына байланысты сөздерін осылай түйіндеген.

Ал танымал еңбегі «әс-Сүнән»-нің алғы сөзі боп есептелетін

«әл-Мәдхалул-кәбир»-інде, осы мәселеге «Расулуллаһтың

(с.а.у.) сүннетін үйрету және Оған еру» деген тақырыпта

дәлелді әрі өте ауқымды етіп түсіндірме беріп өткен.

Енді мәселенің егжей-тегжейіне көз салайық.

Кітап пен сүннетті үйрету деген не?

Бәйхақи осы тақырыпта

«Расында Аллаһ Тағала

мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен,

оларға Аллаһтың аятын оқитын, оларды тазартатын және

оларғаКітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар

бұрын ашық адасуда еді»

,

21

деген аятты келтіріп Шафидің

былай дегенін айтып өтеді:

«Сенімді

Құран

ғалымдары,

«хикмет»

сөзінің

«Расулуллаһтың (с.а.у.) сүннеті» дегенмағынаға келетіндігін

айтқан».

22

Сонымен қатар Хасанул-Басри (ө. 110/778), Қатада

(ө. 117/735) және Яһия ибн Әби Кәсирдің де (ө. 129/746-

747) «хикмет» сөзінің «сүннет» деген мағынаға келеді деп

айтқанын риуаят еткен Шафи, Исламда Құран-сүннеттің

етпен тырнақтай ажырамас бөлік екенін әрі Құранмен бірге

сүннеттің де нақты үкімдер қоя алатынын білдіретін мына

хадистермен дәлелдеген:

Миқдам ибн Мағдикәриб Расулуллаһтың (с.а.у.) былай

20.

Бәйхақи, Дәлаил І, 27.

21.

Әли-Имран сүресі, 164-аят.

22.

Шафи, а.а.ә. 78 б.