21
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бұзбайтындығын
38
риуаят етеді.
39
Расулуллаһтың бір уахи келмей тұрып яки «былай істе,
былай істе» деп Аллаһтан хабар алмай ешқандай сүннет
қоймағандығын жақтайтындар, бір зина оқиғасымен
байланысты мына екі хадисті дәлел ретінде көрсетеді:
Бірінші хадиске қарағанда хазірет Расулуллаһ зина
жасаған ер мен әйелге,
«Күмәнсіз араларыңа Аллаһтың
кітабы бойынша үкім беремін»
40
деп айтқанымен, оларға дүре
соғу және жер аудару жазасын қолданған. Бірақ Құранда
зинаға жер аудару жазасы айтылмаған.
Яғла ибн Үмәядан (ө. 37/657) риуаят етілген екінші
хадисте Расулуллаһ (с.а.у.) «Жиғрана»
41
деген жерде жүрген
кезінде, үстіне иіс суымүмкіп тұрғаншапан киіп алып ұмраға
баруға ниеттеніпшыққан бір кісі келіп, «Ей, Расулуллаһ! Иіс
су себілген шапанмен ұмраға бармақ болған адам жайлы не
дейсің?» - деді. Расулуллаһ әлгі адамға қарады да біраз үнсіз
тұрғаннан кейін мына аят түсті:
«Қажылық пен ұмраны
Аллаһ үшін толық орындаңдар»
.
42
Расулуллаһ уахи келіп
болғаннан соң, «Жаңа менен ұмра жайлы сұрақ сұраған адам
қайда? Жаққан иіс суыңды үш рет жу, шапаныңды шеш,
сосын қажылықта істегендеріңді ұмрада да істе»
43
деді.
Бәйхақидың риуаятына қарағанда, Таус (ө.106/724)
38.
Үкім алдынғыны қамтымағандықтан, яғни заңдылықтар өткенді
қамтымағандықтан. Бұл деген пайғамбарымыздың үкім қою мүмкіндігін
көрсетеді. Яғни мұндай жағдайда да аяттың үкімі орындалып,
пайғамбардың үкімі жай қала береді, мүлде жоғалып кетпейді. (Аударма-
шы)
39.
Амиди, әл-ИхкамІ, 399; Һәйсами, әл-Хайратул-хисан19 б.
40.
Бұхари, Ахкам 39; Мүслим, Хұдуд 25; Нәсай, Абдул-қудат33; Әбу Дәуіт,
Хұдуд 25; Тирмизи, Хұдуд 8; ибн Мәжә, Хұдуд 6; Дарими, Хұдуд 12;
Бәйхақи, Сүнән ҮІІІ, 212, 213; Табарани, әл-Кәбир Ү, 267..
41.
Мекке мен Тайфтың арасында, Меккеге жақын бір жер. (Аудармашы)
42.
Бақара сүресі, 196-аят.
43.
Бұхари, Хаж 17; Мүслим, Хаж 6-9; Әбу Дәуіт, Хаж 31; Ахмет ибн Ханбал
ІҮ, 222, 224; Дарәқутни, а.а.ә. ІІ, 231; Бәйхақи, а.а.ә. Ү, 56; ибн Хұзиме,
Сахих ІҮ, 192; Хұмәйди, әл-Мүснад ІІ, 347-348.