Previous Page  22 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 110 Next Page
Page Background

22

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қолында уахиға негізделген кейбір құн (диет) төлеу

үкімдерін қамтитын бір кітап бар екендігін, Расулуллаһтың

зекет пен құн төлеу мәселелерінде парыз болған үкімдердің

уахи арқылы белгіленгендігін айтқан.

44

Хассан ибн Атия (ө. 120/738) да «Жәбірейіл (а.с.)

Расулуллаһқа Құранды әкеліп үйреткені сияқты сүннетті

де әкеліп үйрететін-ді»

45

деген.

Қасым ибн Муһаймира (ө. 111/729) Талха ибн

Фудайланың былай дегенін риуаят еткен:

Ашаршылық келген жылы Расулуллаһтан шарықтап

тұрған бағаны тұрақтандыруы жайлы сұраныс болғанда

«Аллаһтың бұйрық бермеген мәселесінде сендерге бір

сүннет шығарғаным үшін Аллаһ мені жауапқа тартпайды;

бірақ сендер Аллаһтан жәрдем тілеңдер» деді».

46

Мутталиб ибн Хантаб Расулуллаһтың (с.а.у.) мына

хадисін жеткізген:

«Аллаһ сендерге не әмір етсе мен де әмір еттім, неден

тыйса мен де тыйдым. Рухул-әмин (Жәбірейіл) жүрегіме

тірілердің ризығы таусылмай өлмейтінін білдірді. Олай

болса Аллаһтан қорқыңдар әрі қалаған нәрселеріңді ең

тамаша түрде қолға түсіруге тырысыңдар».

47

Имам Шафи, ғалымдардың арасында жоғарыда айтып

өткендей кейбір келіспеушіліктер болса да сүннеттің,

өзі көрсетіп кеткен үш функциясынан басқаға орын жоқ

екендігін қадап айтып, Аллаһтың бізді соған мойынсұнуға

міндеттейтінін, сүннетпен жүру деген Расулуллаһқа итағат,

ал бет бұрудың оған қарсы келу екенін білдірген. Сонымен

44.

Шафи, әл-Умм ҮІІ, 271; Абдурраззақ, әл-Мүсаннәф ІХ, 279; Бәйхақи,

Мағрифәтус-сүнән І, 102; Хатиб, әл-Фақих І, 266.

45.

Дарими, Мұқаддима 48; ибн Абдилбәрр, Жамиғ, 563 б; Хатиб, әл-Кифая

12 б; әл-Фақих І, 267.

46.

Бәйхақи, Сүнән ҮІ, 29; Һәйсами, а.а.ә. ІҮ, 100.

47.

Ибн Мәжә, Тижарә І; Бәйхақи, а.а.ә. ҮІІ, 76; Шафи, әл-Умм ҮІІ, 299; әр-

Рисалә 87 б, 93; Хатиб, әл-Фақих І, 270-271.