24
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
дың құрма бақшаларын суғаратын «Ширажул-Харрә» деп
аталатын су арнасынан су алу мәселесінде келісе алмай
қалады. Ансарлық сахаба өзінің құрма бақшасын суғару
үшін бірінші болып суды алмақ болады. Зубайыр оған
қарсы болады. Екеуінің арасындағы дауды шешіп беру үшін
екеуі Расулуллаһтың алдына келеді. Расулуллаһ (с.а.у.)
Зубайырға бақшаңды суғарып болғаннан кейін көршіңнің
жеріне қарай суды бұрып бер дегенде, Ансарлық сахаба,
Расулуллаһқа «Зубайыр әпкеңнің ұлы болғандықтан
алдымен сол қолдансын деп үкім шығарып тұрсың ба?»
деп айтқанда Расулуллаһтың түрі бұзылып «Ей, Зубайыр!
Сен бақшаңды суғарып ал да су тасығанша суды бөгей бер»
деді. Зубайыр «Аллаһтың атымен ант етемін,
«Раббыңа
серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып,
сонсоң берген билігіңнен көңілдерін жай тауып толық бой
ұсынбағанша мүмін бола алмайды»
53
деген аят осы адамға
байланысты түскен деп ойлаймын!» деді.
54
Бұхари мен Мүслимнің риуаят еткен тағы бір хадисте,
хазірет Пайғамбар, «Маған мойынсұнған, Аллаһқа
мойынсұнған болады; маған қарсы келген, Аллаһқа қарсы
келген болады», деген.
55
Бұхари, Жабир ибн Абдуллаһтан (ө. 78/697) мына бір
хадисті риуаят еткен:
Бір топ періште, ұйықтап жатқан хазірет Пайғамбардың
жанына барады. Кейбіреулері «Ол ұйықтап жатыр», кейбірі,
«Көзі ұйықтағанмен жүрегі ояу» деді. Сосын періштелер
бір-бірлеріне «Осы достарыңның жағдайына сәйкес
53.
Ниса сүресі, 65-аят.
54.
Бұхари, Тәфсир 12; Мүслим, Фәдайл 129; Әбу Дәуіт, Ақдия 27; Тирмизи,
Ахкам 26, Тәпсир 5; Нәсай, Адабул-қудат 19; ибн Мәжә, Муқаддимә 2;
Хаким, а.а.ә. ІІІ, 364; Бәйхақи, а.а.ә. ҮІ, 153, Х, 106.
55.
Бұхари, Ахкам І; Мүслим, Имаре 33; Нәсай, Биат 37; ибн Мәжә,
Муқаддимә І, Жихад 39; Ахмет ибн Ханбал ІІ, 252, 253; Бәйхақи, а.а.ә.
ҮІІ, 155.